«Даму туралы ілім: а «диалектика – даму туралы ілім»; б «диалектиканың заңдары мен категориялары»; в «диалектиканың принциптері»


««Болмыс», «мән» және «субстанция» ұғымдарының байланысы» тақырыбына кесте құру



бет2/4
Дата23.03.2023
өлшемі381,92 Kb.
#75810
1   2   3   4
Байланысты:
философия 5

««Болмыс», «мән» және «субстанция» ұғымдарының байланысы» тақырыбына кесте құру;




Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет. Болмыс философиядағы ең көне, дәстүрі мол, тарихы бай ұғымдардық бірі болып саналады. Ол “бол”, “болу” сияқты түсініктердің баламасы. Бұл ұғым адамды қоршаған ортаны біртұтас бүтіндік деп тану қажеттігінен туындаған. Оның көмегімен өте мақызды дүниетанымдық “әлем деген не” сұрағына жауап беріледі. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты.


Мән - адамның іс-әрекеті барысындағы заттардың, құбылыстардың маңыздылығы, мәңділігі.[
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:

1.материалды (заттар),


2. рухани (идеялар).


Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.


Декарттың философиядағы үлесі мынадай:


1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;


2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;


3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;


4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет