Westmire Academy Freshmen Orientation 2018
Инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:
- оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны теңдей қабылдауы;
- білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалы қызметкерлердің төзімді мінез-құлық
мәдениетімен қамтамасыз ету;
- ЕБҚ бар оқушының жақын даму аймағына сәйкес оқу мақсаттарын анықтау;
- ЕБҚ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
- оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.
Инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық
табыстылығы;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді
ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру;
- білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;
- мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;
- мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;
- мектеп қауымдастығын дайындау;
- одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.