– Қазіргі қазақ әдебиетінің бағының ашылмай жатқаны сын-
шылардың жоқтығы немесе олардың ат салыспауынан деп
пікір айтып жүргендер бар.
– Бұлай айту дұрыс емес. Сынның әсерінің болатыны шындық,
баспасөзде сындар жазылып жатыр. Бірақ әдебиеттің дамымай
жатқанының бірнеше себептерін жоғарыда айтып кеттім ғой. Со-
ған қоса айта кететін бір нәрсе – бізде рухани құндылықтарға, ұлт-
тық құндылықтарға онша мән берілмей, батыстық құндылықтарға
бұрылыңқырап жатуымыз. Егер біздің мемлекеттік саясатымызда
ұлттық идеология басшылыққа алынатын болса, ұлттық құнды-
лықтарымыз негіз деп есептелсе, ұлттық әдебиетіміз насхатталып
жатса, ұлттық мәдениетіміз ұлттың негізгі өмір сүру салтымызға
айналса, ұлттық әдебиет те дами түсер еді. Ал енді Батыстың пост-
модернизм секілді түрлі ағымдары бізді іштей ірітіп, құртуға әрекет
жасап жатыр. Ұлттық әдебиетімізді, ұлттық рухани құндылықта-
рымызды бұзып, сол арқылы ұлтымызды жойып жібереуі әбден
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |