Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі  ұлттық дәстүрді әлемдік



Pdf көрінісі
бет176/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі  ұлттық дәстүрді әлемдік 

өркениетке шығара алмауымыздың мүмкіндіктері қандай дә-

режеде?

– Социализм дәуірінде орыс тілін жақсы білген адам ғана, мә-

дениетті саналған болса, жаһандану дәуірінде ағылшын тілін бі-

летіндер ғана мәдениетті деген ұғым пайда бола бастады. Бүгін-

де  қазақ  тілінің  болашағына  күмәнмен  қарайтындар  өркениетке 

өзге тілдер арқылы ғана қол созамыз деген таяз түсінікте жүр. Біз 

әлемдік өркениетке орыстың, я болмаса ағылшынның тілі арқылы 

бармаймыз. Қазақтың тілімен, әдебиетімен, мәдениетімен, өнері-

мен  жетеміз.  Шет  тілдерін  білу  әлем  елдерімен  қарым-қатынас 

жасау үшін, солардың озық үлгідегі дәстүрлерін пайдалануымыз 

үшін керек. Біз әлемдік өркениетке қазақы қалпымызбен, қазақты-

ғымыздың ең бірінші көрсеткіші болып табылатын туған тіліміз-

бен, сол тілде жасалынған әдебиетіміз бен мәдениетімізбен, өзге 

ұлттан даралап тұратын ұлттық ерекшелігімізбен көптің бірі бо-

лып емес, қазақ болып, қазақтың атынан баратындығымызды ес-

тен шығармайық.       

Жаһанданудың басты мақсаты –  бүкіл әлемді батыстық мәде-

ниетке көшіру. Әлем халқын бір тілде сөйлейтін, батыстық жол-

мен өмір сүретін халыққа айналдыру.  Кеңес үкіметі кезінде кеңес 

халқын бір ұлт болуға шақырмады ма? Оның қателігі де осында. 

Ұлттық тәуелсіздігімізді алғаннан соң, біз бодандық санадан арыл-

май жатып, бірден жаһандануға қойып кеттік. Егер біз ұлттық ру-

хымызды, ұлттық құндылықтарымызды қалпына келтіріп, көтере 

алмасақ, қаптап жатқан рухани соққылардан тұра алмай қалуымыз 

да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет