382
білім алғандар отыр. Олар өзінің көргенімен, баққанымен үйрен-
генімен, білгенімен шешеді. Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: «Адам
қандай тәрбие алады, сол тәрбие бойынша қызмет етеді» деп беркер
айтпаса керек. Қазақша тәрбиеленген бала қазақ ұлтына, орысша
тәрбиеленгендер орыс ұлтына қызмет етеді. Ал Батыста тәрбиелен-
ген бала Еуропалық дүние таным бойынша, сол жақтың идеясына
бұрмай тұра алмайды. Еуропадан үйренуіміз керек, білімін алуы-
мыз керек. Бірақ сол жаққа ұлттық мектептерде оқып, ұлттық сана-
сезім қалыптастырған қыз-жігіттерді жіберсек, дұрыс болар еді. Біз
әліге дейін ұлттық сана-сезімі қалыптаспаған, қалыптасқан күннің
өзінде батысша қалыптасқан азаматтарды жіберіп жатырмыз.
Елбасымыз «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деп, ылғи да
айтады Өкінішке орай, соны жүзеге асыратын жерде отырғандар
– құлықсыз Қай бір жылы мен Гумилев атындағы Еуразия универ-
ситетінде жұмыс істеп жүргенде, Ресей президенті Путин келіп, сөз
сөйледі. Сонда ол: «Қазақстан үкіметі құрамының 33 пайызы Мәс-
кеуден білім алғандар» екендігін еске салған еді. Ол дұрыс қой, бі-
рақ біздің еліміздің болашағын бүркеп отырған сол 33 пайыз ба деп
қорқамын кейде. Олар орыстың дүние танымымен өмір сүреді ғой.
Ұлтына қызмет етуді өмірінің мәніне айналдырған ұлтжанды аза-
маттар атқарушы билікке келмей, ұлттық мәселелер шешілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: