– Сіз қазіргі қазақ әдебиеттінің ұлттық рухани құндылықтар
дәрежесіне көтеріле алмай, батыстың постмодернизм әдебиеті-
не мойын ұсына бастағанына қынжыласыз. Бұның бәрі ұлт-
тық әдебиетіміздің билік тарабынан нәсихатталмай жатуынан
екені де – шындық. Бұдан шығудың басқадай жолы жоқ па?
– Жалпы әдебиет мәңгілік құндылықтарды жырлайды. Қазір
біздің қоғамымызда ұлы өзгерістер болып жатыр. Социализмнен
бірден капиталимге көшіп кеттік. Сонда біздің идеалымыз не?
Қазіргі заманның геройы кім? Қазіргі қоғамда түрлі өзгерістер бо-
лып жатыр. Қайсысының болашағы бар, қайсысы уақытша нәрсе?
Міне, осылардың барлығы, яғни қоғамдық өмірді философиялық,
көркемдік тұрғыдан танып-білудің мүмкін болмай жатқандығы,
болған күннің өзінде де аса күрделілігі, қиындығы әсер етуде.
Қазір бізде көсемсөз барынша жақсы дамуда. Публицистиканың
басты мақсаты – бүгінгі күннің проблемаларын көтеру. Ал әдебиет
бүгінгі публицистикамен жазылса, онда бүгінгі күннің деңгейінде
қалып қояды. Әдебиет өткен ғасырлардың немесе осы заманның
өмірлік зәру мәселесін көркемдік деңгейге көтеріп, мәңгіліке кетуі
керек. Мәселен, Абайдың айтқандары күні бүгінге дейін өз құнын
арттырмаса, кеміген жоқ қой. Сондықтан бүгінгі күннің мәселесін
жазушы миының домнасына салып, қорыту үстінде. Яғни, бүгінгі
қоғамдық өмірдің қай жағы керек, қайсысы керек емес, жетіспей
жатыр? Ең бастысы – бүгінгі заманның геройы кім? Анау миллио-
нерлер ме түрлі тәсілдермен байып жатқан, әйтпесе шетелге қашып
жатқан? Жоқ, әйтпесе, тек қана таза өмір сүремін, тек қана ұлтыма
қызмет етемін деп күнін көре алмай жүрген азаматтар ма? Батыста
қалай болып жатыр?..
386
Біз кезінде ең әділетті қоғам социалистік қоғам деуші едік, оның
жағдайы анау болды. Социалистік қоғамда адамдардың әлеуметтік
жағдайын дұрыс шешудің барлық мүмкіндіктері бар еді. Бірақ мына
Ресейде сол социалистік идеяларды өзінің отаншылдық, отаршыл-
дық пиғылдарына пайдаланды. Содан аман қалғанымызға құдайға
мың да бір шүкір. Болмаса енді 50-100 жылда қазақ ұлты жойылып
кетер ме еді, қайтер еді. Міне, әлеуметтік қоғамдағы осындай өз-
герістер ақын-жазушыларымызды рухани дағдарысқа тап қылды.
Социалистік заманда «біздің заманымыздың геройы» комунистер
болды. Ал қазір кімдер миллионерлер ме, жоқ түрлі діни секталар-
дың басшылары ма, жоқ қарапайым халық па? Халық десек, мына-
дай нарықтық экономикада олар ешқашан еңсесін көтере алмайды.
Міне, жазушының санасында осындай сандаған проблемалар мен
өмірді танып-білу, мидан өткеріп, қорыту жағы жүріп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |