Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


– Қаламгерлер сынды қалай қабылдайды?



Pdf көрінісі
бет179/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

– Қаламгерлер сынды қалай қабылдайды?

– Негізінен қоғамда сын туралы әртүрлі түсініктер қалыптасқан. 

Сынсыз  өсу,  даму  болмайтынын  жұрттың  бәрі  біледі.  Орыстың 

атақты жазушыларының өзі сын туралы әртүрлі пікірлер айтқан. 

Бір жазушы: "Сыншы – дегеніміз жазушы боламын деп, бола алмай 

қалып, әдебиеттің айналасында нанын тауып жүргендер" дегенді 

де айтқан.  Түрлі обьективтік, субьективтік себептердің салдары-

нан қазір қаламгерлердің дені сынды дұрыс қабылдай алмайтын-

дай дәрежеге жетіп, сыншы пікірін айтыла беретін көп пікірлердің 

бірі деп қана қарайтын болдық.

Қандай да бір туындыны мәдениетті сынай білудің өзі – өнер. 

Ал, сынды дұрыс қабылдай білу – мәдениеттіліктің белгісі. Қазіргі 

таңда сынды мүлдем оқымайтын да жазушылар бар. Тіпті, «мен 

осылай  көрдім,  осылай  жазамын,  ал  сынауға  сенің  хақың  жоқ, 

мықты болсаң, өзің осылай жазып ал» дейтіндер де шықты.

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді ғой қазақта. Сол айтпақ-

шы қай заманда да сынға құлақ асқанымыз жөн. Сын болмаса, қо-

ғам да, оның дамуы да болмайды. Сондықтан сынға мемлекеттік 

тұрғыдан, қамқорлық керек. Сын – жеке адам үшін емес, бүкіл ұлт 

үшін, қоғам үшін қажетті дүние.




392



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет