395
“ТІЛ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСАРМАЙ,
ҰЛТ ОҢАЛМАЙДЫ”
– Қазақстанның Еуразиялық одаққа кіргеніне байланысты қо-
ғамда түрлі көзқарас туып, зиялы қауым өкілдері біраз шулады.
Ал, сіздің ойыңызша қалай, бұл шынымен де тәуелсіздігімізге
төнген үлкен қауіп емес пе?
– Алдымен «зиялы» деген атаудың өзін нақты анықтап алуымыз
керек сияқты. Көпшіліктің ұғымында зиялы деген жоғары білімді,
белгілі бір қызмет атқаратын адамды меңзейтін секілді. Ал, шын-
дығында олай емес. «Зиялы» дегеніміз жоғары білімді, ұлттық сана-
сезімі қалыптасқан, өмірді жан-жақты пайымдай білетін, ұлттың мүд-
десі үшін, ұлт үшін қызмет ететін азаматты зиялы деуімізге болады.
Міне, осы тұрғыдан келген кезде, қазіргі зиялы атын жамылып жүрген
адамдардың барлығын зиялы деуге аузым бармайды. Екіншіден, қазір
қоғамда жалпы жаһандық тұрғыдан үлкен уақиғалар болып жатыр.
Бұрын кеңестік жүйе тұсында болашақта жер жүзінде дерлік социа-
лизм, коммунизм орнайды деуші едік. Қоғамдық өзгерістердің барлы-
ғы сол бағытта жүреді деп ойлаушы едік. Ал, бұрын әлем социализм-
капитализм болып жарысып дамыған болса, қазір мүлдем басқаша
болып кетті. Қазірдің өзінде, әсіресе, Қырым уақиғасынан кейін, әлем
екіге бөлінген сияқты. Соның кесірінен әлемдік қарама-қайшылықтар
барынша шиеленісе түсуде. Жалпы, өмірде жүз пайыз жақсы, жүз па-
йыз жаман нәрсе жоқ. Менің ойымша, бұл мың рет өлшеніп барып
қабылданған шешім деп ойлаймын. Мұның енді пайдалы жақтары Ре-
сеймен, Беларусьпен экономикалық қарым-қатынастарымыз барынша
жақсарады деген үміттеміз. Әсіресе, қазіргі жаһандану дәуірінде эко-
номиканың бәсекелесуі күшейе түскен шақта экономиканы қыспаққа
алмау үшін керекті нәрсе болып отыр. Одан соң шекарада адамдардың
еркін жүріп-тұруы мәселесі, оның ішінде, ғалымдардың өзара қоян-
қолтық араласуына пайдалы болып отыр. Ал, зиялы қауымның айтып
жүргені Еуразиялық экономикалық одақтастық саяси одақтастыққа,
оның ішінде, баяғы КСРО-ны қалпына келтіруге апарып соқпай ма
деген қауіп. Негізгі күдік осында. Бұл тұрғыдан келген кезде, егер
мақсаты КСРО-ны қайта құру болатын болса, мен де қолдамас ем. Біз
о заманнан өттік, қазір енді тәуелсіздігіміз бар. Жалпы, адам үшін, ұлт
үшін еркіндік деген ең негізгі құндылық, ең негізгі байлық болуы да
керек деп ойлаймын. Осынау Дербестік жолында қаншама қан мен тер
төксе де, еркіндікке қол жеткізе алмай жүргендер көп. Мысалы үшін,
алпыс миллион күрдтердің әлі күнге дейін мемлекеттігі жоқ. Ұлттың
396
ұйып отыратын ордасы жоқ. Ал, біз ата-бабамыз ғасырлар бойы ар-
мандаған қастерлі Тәуелсіздікті қалайда сақтауға міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: