Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Ер мен әйел нені қалайды? 

Әйел адам еріне қатысты көбінесе «мені тыңдамайды, айтқанымды түсінбейді, тиісінше көңіл 

бөлмейді» деп шағымданады. Себебі әйел табиғаты өзіне көңіл аударғанды, бөліскенді және 

өзін жақын сезінгенді қалайды. Ер кісі болса, басқаның қасында әсіресе әйелінің алдында өзін 

қолынан істің бәрі келетін, сенімді және күшті сезінгісі келеді. Қолға алған әр істе әйелі өзін 

қолдап отырса екен дейді. Әйелінен мақтау сөз есту ер адамға қанат бітіріп, қолға алған ісін 

жаңа  бір  қарқынмен  жалғастыруға  мүмкіндік  туғызады.  Отбасында  өзін  сенімді,  құрметке 

лайық екенін сезінген ер адам үйіне тез қайтуға асығып тұрады. Әйеліне деген құрметі де  

жоғары болады. 

Ер  кісінің  үйленген  соң  іштей  қалайтыны  –  әйелінің  алдында  хас  батырдың  өзіне  айналу. 

Әйелінің көзіне тұлға ретінде көріне алу. Егер ер адамның осы қалауы орындалса, әйелімен 

арадағы  қатынас  нығая  түседі.  Орындалмаған  жағдайда  әйелі  мен  өзінің  арасына 

психологиялық  тор  құрады.  Яғни,  ер  адам  өзіне  деген  құрметтің  жоқ  екенін  сезінер  болса, 

кейбірі тұйықталып қалады, енді бірі керісінше күтпеген мінез көрсетіп, сөзде шектен шығып 

кетеді. Ауыр сөздер де айтып қою мүмкін. Себебі кейбір адамда іштей кектену психологиясы 

қалыптасқан.  Үйде  басқа,  түзде  мүлдем  басқа  адам  боп  өзгеретін  еркектердің  осындай 

проблемасы бар, яғни құрметке бөлене алмау проблемасы. 

Есте сақтаңыз: 

Еріңізге деген құрметіңіз оған «Алла қаласа, кез келген қиындыққа кеуде керіп тұра аламын» 

деген сезімінің оянуына түрткі болсын. Соны қадағалаңыз! 



Әйел неге еріне байланысты шағымдана береді?  

Еріне қатысты шағым айту – әйелдің жақсы көретін ісінің бірі. Туысқандардың немесе екі-үш 

әйелдің басы қосыла қалса, ең тәтті тақырыптың біріне айналады. Негізінде, шағымданудың ар 

жағынада «күйеуім маған артығырақ көңіл бөлсе екен» деген қажеттілік, арман-тілек жатыр.  

Екінші, шағымданудың ар жағында әйел кісінің ерін өзі  қалағандай өзгерткісі келетіні тағы 

бар. Асылында, әйел адам ерінің кемшіліктерін жасыру, толықтыру арқылы құрметке бөленеді. 

Әйел  кісі  еріне  бойындағы  кемшілігін  саналы  түрде  өзінің  дұрыстауына  жағдай  тудыруы 

қажет. Босқа шағымданып кемшілікті бетке баса беру түбі жақсылыққа апармайды. Себебі әр 

адам өзін басқаның түсінгенін қалайды. Ең дұрысы  – ерінің табиғатын түсіну арқылы оның 

разылығын алуға күш жұмсау. 

Есте сақтаңыз: 

– Күйеуіңіздің кемшілігін сыртқа шығарудан барынша сақ болыңыз. Мұны шариғатымыз да 

құптамайды. 

–  Көп  шағымдана  бермеңіз.  Қолыңыздан  келетін  мәселені  өзіңіз-ақ  шеше  салыңыз.  Әр  істі 

күйеуіңіздің мойнына жүктеуді әдетке айналдырып алмаңыз. 

–  Күйеуіңізді  бар  кемшілігімен  қабылдай  біліңіз.  Кешіріммен  қараңыз  және  сол 

кемшіліктерден құтылуға көмектесіңіз.  



32 

 

– Күйеуіңіздің назарын үнемі өзіңізге қарата бермей, бір мезгіл өз-өзімен болуына да мүмкіндік 



беріңіз. 

Ер адамды қалай сөзге келтірсе болады? 

Ер  кісінің  жалпы  психологиялық  қажетінің  бірі  –  өзін  еркін  сезіну  және  басқаға  қамқоршы 

болу. Әйел болса өзіне қамқоршы болатын және көңіл бөлетін адамды іздейді. Сол себепті ер 

адам үйленген уақытта тізгін менде болуы тиіс деген түсінікте болады. Әйел кісі ерінің осы бір 

тұсына абай болғаны қажет.  

Сөйлеу мәселесінде де ер кісінің психологиялық қажеті ескерілгені жөн. Ер адамның сөйлеуі 

үшін белгілі себептің болуы қажет. Ер кісі сөйлеген кезінде сынға ұшырамай, қабылданатынын 

байқаса, бірте-бірте ашыла түседі. Ерін бүтіндей қабыл етіп және онысын сездіре білген әйел 

күйеуінің  негатив  сезімдерін  тудырмауы  себепті  күйеуінің  үнемі  іздеп  тұратын  адамына 

айналады.  Психологтардың  айтуынша,  күйеуінің  әйеліне  дауыс  көтеруі  –  өзінің  сынға 

ұшырауы мен қандай да бір кемшілігін естімеудің алдын алуы. 

Есте сақтаңыз: 

– Күйеуіңіздің кемшілігін бетіне басып қатты сынға алмаңыз. 

– Күйеуіңізге өз кемшілігін өзінің дұрыстауына мүмкіндік жасаңыз. 

– Күйеуіңіздің табиғаты ерге тән екенін де естен шығармаңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет