Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет181/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

199 


шаһарды алуды көздеген қытайдың арнайы жасақталған қалың қолы б.з.б. 36 

жылы қалаға лап қойды. Бұл кезде қаңлы елімен қырғиқабақ жағдайда болып, 

күш қуаты кеміген хұндар жан қиярлық ерлік көрсетіп, жауға қарсы тұрғанымен, 

өз қалаларын қорғап қала алмады. Осылайша жаудың қалың қолына төтеп бере 

алмаған Тараз қаласы тарихында алғаш рет қирады.

Қала  қирағанмен,  қайта  қалпына  келіп,  өркендей  берді.  Түрк  қағандығы 

күшейген  тұста  Талас  пен  Шу  өзендерінің  бойында  Тараз  қаласынан  басқа 

Баласағұн, Суяб деген аса ірі қалалар болды

387

. Жалпы, 1984-1993 жылдары 



жасалған  археологиялық  зерттеу  жұмыстары  кезінде  тек  Талас  өңірінде  133 

ортағасырлық  қаланың  өмір  сүргенін  анықталған.  Ал  жоғарыда  аса  ірі  деп 

отырған  себебіміз,  осы  үш  қала  Батыс  түрк  қағандығының  астаналары  еді. 

Ежелгі Талас жеріне 568 жылы ат басын бұрған Византиялық елші Киликиялық 

Земарх  жазбаларында  Батыс  түрктердің  қағаны  Дизабулмен  (Естемі  қаған) 

бірге  Таласта  парсының  елшісімен  кездескенін  жазады

388

.  Осыдан-ақ  сол 



кездері  Тараз  қаласының  дипломатиялық  маңызының  жоғары  болғанын 

байқауға  болатындай.  Сонымен  қатар  630  жылы  Қытай  саяхатшысы  Сюань 

Цзянь  жазбаларында  көктүрктердің  қағанын  Талас  өңіріндегі  Мыңбұлақтағы 

жайлауында  көргенін  баяндайды

389

.  Сюань  Цзяньның  көрсетуіне  қарағанда, 



Тараз аумағы 8-9 ли (4-4,5 шақырым) болатын сол замандағы ең іргелі қаланың 

бірі еді. Ал Қытай деректерінде айрықша аталатын шөбі шүйгін Мыңбұлақ жері 

көктүрктердің  негізін  қалайтын  он  оқтардың  мекені  болды.  Осы  он  оқтардың 

құрамындағы  Нұшпелер  Тараз  қаласында  Түркеш  мемлекетін  құрды

390



Түркештер тұсында Тараз қаласы гүлдене түсті. Қытай мен Византияны, парсы 



мен түркті түйістіріп тұрған Таразда түрк теңгелері басылып, айналымға түсті.

Тоғыз  жолдың  торабына  орналасқаннан  да  болса  керек,  Тараз  қаласы 

көптеген  наным-сенімдердің  орталығы  болған.  Мұнда  бір  кездері  будда, 

христиан-несториян  және  манихей  діндерінің  өкілдері  еркін  жүріп,  өздерінің 

ғибадатханаларын  ашуға  қол  жеткізді.  Діндар  миссионерлердің  Таразды 

таңдап, мұнда тұрақтауының да өзіндік себептері бар болатын. Өйткені Жібек 

жолының маңызын айтпаған күннің өзінде, Тараз қаласының өзіндік геосаяси 

және геостратегиялық мәні ерекше болды. Қаланың орналасуы мен аймақтың 

табиғаты, жердің киесі мен жергілікті халықтың кең пейілдігі арқасында мұнда 

өзге ұлт өкілдері, соның ішінде, әсіресе соғдылар ешкімнен жәбір көрмей өмір 

сүрді.  Тіпті  «Диуан-и  лұғат  ат-түрік»

391


  кітабының  авторы  Махмұт  Қашқаридің 

айтуынша, Тараз қаласының тұрғындары түрк және соғды тілдерінде сөйлеген. 

387

 Бапаков, 2005. – 107-137



388

 «Византийские историки». Пер с греч. Спиридона Дестуниса. СПб., 1861, с 380.

389

 Зуев,1960, С 91.



390

 Сенигова,. 1972, с. 12.

391

 Қашқари, 1997.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет