Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет195/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

213 


бойындағы  елді  мекендердің  әлеуметтік  мәселелері  шешіледі,  тұрғындардың 

жағдайы  жақсарады.  Жаңа  темір  жолдар  жүктер  тасымалдау  қашықтығын 

қысқартады, еліміздің көлік мүм кіндіктерін әлденеше есе кеңейтеді. Бейнеуден 

Жезқазғанға тартылған жаңа жол аймақтың дамуына зор серпін береді. Арқаның 

тау-кен өнімдерін Ақтау арқылы Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне шы ғаруға 

зор  мүмкіндік  туды.  Бұл  стратегиялық  жоба  Қазақстанның  орталық  өңірінен 

жөнелтілетін  жүкті  Батысқа,  одан  әрі  Еуропаға  тікелей  шығуын  қамтамасыз 

етпек. 


Ресей – Қазақстан – Қытай бағытындағы мұнай своп операциялары және/

немесе Қытай – Орталық Азия – Ресей бағытындағы сауда-саттық пен тауар 

айналымы Жібек жолы және Еуразия одағы жобасы аясында іске асуда.

Бұл ретте, соңғы жылдары Каспий өңірінің жарқыраған жұлдызына айналған 

Түрікменстан  да  Жібек  жолы  жобасына  белсенді  қатысуда.  Түрікменстан 

Орталық Азия – Қытай газ құбыры және Түрікменстан – Иран газ құбырынан 

басқа өз аймағында Шығыс-Батыс газ құбырын салуы, Каспий теңізінде жаңа 

Түрікменбашы  кемежайының  салынуы,  Өзбекстан  –  Түрікменстан  –  Иран  – 

Оман  көлік  дәлізі  мен  Түрікменстан  –  Ауғанстан  –  Тәжікстан  теміржол  және 

Ауғанстан – Түрікменстан – Грузия – Əзербайжан көлік дәлізінің жоспарлануы, 

Транскаспий газ құбыры және Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан 

газ құбыры (TAPI) жобаларына қызығушылық танытуы Түрікменстанның Жібек 

жолын жаңғыртуда көп ынта-жігер жұмсағанының айғағы. Аталған Жібек жолы 

жобалары Түрікменстанның оқшаулану саясатынан бас тартып, халықаралық 

интеграцияға бет бұрғанын көрсетеді. Алдағы жылдарда Түрікменстанның да 

мүше болу ықтималын ескерер болсақ, Түркі кеңесі энергетикалық фактормен 

тығыз байланыста болады деген қорытынды шығаруға болады. 2014 жылғы 4-5 

маусым күндері Түркия – Түрікменстан – Əзербайжан арасында өткен үшжақты 

кездесуде  Каспийдегі  энергетика  ресурстарын  Еуропаға  тасымалдау  жөнінде 

келісімге  келінгені  белгілі.  Шығыс-Батыс  бағытында  энергетика  саласында 

Түрікменстан – Қазақстан – Қырғызстан – Қытай тасымалдау дәлізінің салыну 

ықтималы да бар.

Жібек жолы жобасы жалпы алғанда, экономикалық сипатқа ие болғандықтан 

проблемаларды шешуге ықпал етуші елдер әдетте жобаның пайдасын көретін 

елдер.  Яғни,  жол  бойында  орналасқан  елдер  жобаны  іске  асыруға  қосқан 

үлестеріне қарай пайдасын да көреді. 

Еуразия  кеңістігін  қамтитын  Жібек  жолы  жобалары  автокөлік  жолдарында 

тасымалдау  желісін  жетілдіру  аясындағы  пікірлерден  туындаған.  Шығыс-

Батыс бағытында тасымалдау дәліздерін жетілдіру және автокөлік жолдарын 

салу  мәселесі  көптеген  халықаралық  конгресстер  мен  конференцияларда 

көтерілді.  Мысалы,  2005  жылғы  27  қыркүйекте  Пекинде  Халықаралық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет