Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет201/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

217 


Түрікменстанның  Түрікменбашы  кемежайын  да  қамтитындай  кеңеюі  қажет 

деген тілегін тілге тиек етті. Бұл жұмыстардың барлығы Түрк әлемінің Каспий 

теңізіндегі байланыстарын күшейте түсетін болады.

Түркі  кеңесі  Мемлекет  басшыларының  ІІІ  саммиті  Əзербайжанның  Габала 

қаласында  2013  жылдың  15-16  тамыз  күндері  көлік  және  коммуникация 

тақырыбында  өтті.  Түркі  кеңесінің  көлік  және  коммуникация  тақырыбымен 

жиналуы  –  Жібек  жолының  қайта  жаңғыруына  меңзейді.  Алқалы  жиында 

Нұрсұлтан  Əбішұлы  мүше  мемлекеттердiң  аумағынан  өтетiн  транзиттiк  көлiк 

дәліздерінің  жүк  тасымалдаудағы  әлеуетiнiң  арта  түскенiне  назар  аударып,  

Шығыс  –  Батыс  бағы тындағы  осы  әлеуеттi  жүзеге  асыру  мақсатында 

ынтымақтастықты ұлғайту керектiгiн айтты. Түркияның ХІ Президенті Абдулла 

Гүл де өз сөзінде Жібек жолының қайта жаңғыруы тақырыбына көбірек тоқталды. 

Құрылысы  2014  жылы  аяқталған  Баку  –  Тбилиси  –  Карс  темір  жолы  жобасы 

түрк әлемі арасындағы темір жол байланысын дамыта түсті. Жібек жолының 

жаңғыртылуы  түрк  әлемінің  экономикалық  әлеуетін  арттырып,  мәдени  және 

саяси интеграцияның да жылдамдатылуын қамтамасыз етеді.

Министрлер  қол  қойған  Ортақ  ынтымақтастық  хаттамасы  шеңберінде  

Каспий теңізінің тиімді қолданылуын және транзит сауданың мүше мемлекеттер 

арқылы  жүзеге  асуын  ынталандыратын  шаралардың  алынуы;  Баку  – 

Тбилиси  –  Карс  темір  жолы  және  Жібек  желі  тәрізді  жобалардың  бір-бірін 

толықтыратындай  негізге  қарай  жүргізілуінің  Орта  (Шығыс-Батыс)  дәлізде 

белсенді  байланыстардың  қамтамасыз  етілуі;  мүше  мемлекеттер  арасында 

жан-жақты  байланыстың  дамытылуы  бойынша  мемлекеттердің  құқықтық 

инфрақұрылымының сәйкестендірілуі бағытында жұмыстану шешімі алынды.

«Көлік ынтымақтастығы» тақырыбымен ұйымдастырылған Түркі кеңесінің ІІІ 

Саммитінде алынған тиісті шешімдер шеңберінде көп қырлы көлік мүмкіндіктері, 

әсіресе темір жол байланысы қарастырылды. Орта дәлізде жүзеге асатын көлік 

жобаларына Қырғызстанды да қосу бойынша келісімге келді. Үйлестіру кеңесінің 

алғашқы жиыны 2013 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Ыстанбұлда өтті.

Жиын  барысында  Түркия  жағы  мемлекеттеріміз  арасындағы  көлік 

ынтымақтастығының  тереңдетілуі  және  операциялық  мәселелерді  шешу 

мақсатымен Ильхам Əлиевтің қысқа мерзім бұрын Түркия сапары кезінде екі 

мемлекеттің Үкіметтері арасында қол қойылған «Combined Freight Transportation» 

тақырыпты  келісім  негізінде  көлік,  кеден,  қаржы,  сақтандыру  тәрізді  түрлі 

мәселелерді қамтитын кең көлемді келісім жобасын дайындап, 2014 жылдағы 

қаңтар айының аяғына дейін тараптарға жолдау уәдесін берді. 

Тасымалдаушы  компаниялардың  мәселелерін  жылдам  шешу  механизмін 

дамыту  қажеттігіне  назар  аударған  тараптар  мүше  мемлекеттердің  Көлік 

министрліктерінде  тасымалдаушы  фирмалар  тікелей  байланыс  құра  алатын 

«Communication line (коммуникациялық желі)» құру бойынша келісімге келді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет