Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет263/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

276 


сенім  өкілдері  мұсылман  өлкелерде  тыныштық  пен  сенім  ішінде  өмір  сүрді. 

Мысалы,  Медине  қаласында  яхудилер  Хазіреті  пайғамбарға  қастандықтар 

ұйымдастырып, оны тіпті, улап өлтіруге әрекет жасап, мұсылмандарға сан мәрте 

сатқындық  жасаған  еді.  Əйтсе  де,  Құран  Кәрім  иудашылар  мен  христиандарды 

«аһл  ал-китап»  яғни  қасиетті  кітап  түсірілгендер  санатына  қосып,  мүшриктер 

мен  дінсіздерден  жоғары  бағалағандықтан,  мұсылмандар  әрдайым  кешіріммен 

қарап, олардың құқығына қол сұқпай, керісінше, оларды өз қамқорлығына алып 

отырды. Осылайша, мұсылман елінде бейбіт жағдайда күн кешіп, тең дәрежеде 

өмір сүрген иудашылар мен христиандар арасында әр кезеңде көптеген ғалымдар 

мен  мемлекет  қайраткерлері  шықты.  Сонымен  қатар,  Пайғамбарымыз  өзге 

сенім өкілдерінің талап-тілектерін қабыл алып, олармен Медине және Худайбия 

келісімін  жасаған  болатын.  Бұл  орайда  ерекше  айта  кетерлік  жайт,  622  жылы 

Медине  қаласында  мұсылмандар  мен  өзге  сенім  өкілдері  арасында  жасалған 

және «Медине құжаты» деп аталатын келісім – осы бағытта жасалған әлемдегі ең 

алғашқы құжат. Əйгілі профессор Мухаммед Хамидуллаһтың пікірінше, бұл құжат 

тек келісім ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттегі бүкіл қауымның қатысуымен 

жазбаша түрде қабылданған әлемдегі ең алғашқы Конститутция. 

Ислам діні – жалпы ізгіліктің өзегі болғандықтан, имандылық адамзат баласына 

парасат пен пайымды, кешірім мен келісімді, шапқат пен мейірімді, қанағат пен 

рахымды, білім мен еңбекті насихаттайды. Осы орайда, дана халқымыз «Құдайдан 

қорықпағаннан  қорық»,  деп  текке  айтпаған.  Өйткені,  Құдайдан  қорыққан  кісі 

өзгенің  ала  жібін  аттамайды,  имандылық  ұялаған  елде  ынтымақ  орнап,  бақ-

береке  болады.  Сондықтан,  ислам  тарихында  өзге  дін  өкілдеріне  құрметпен 

қарау тек пайғамбар кезеңіне ғана тән құбылыс емес. Əділетті халифалардың бірі 

хазіреті Омар кедей әрі жұмыс істеуге қабілетсіз, қауқарсыз өзге дін өкілдері үшін 

мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы айырып, жалақы төлеп тұрған. Сондай-ақ, 

Шам маңында моңғол әскерімен бітімге келген мұсылман елшісі тек мұсылмандар 

ғана  емес,  өзге  дін  өкілдері  де  тұтқыннан  толық  босатылмай,  келісімге  келе 

алмайтынын айтқан. Пайғамбардың: «Сізге аһл-ал кітапты, яғни христиандар мен 

иудашыларды аманат етемін» деген хадисін бұлжымас әмір ретінде қабылдаған 

елші, өз сөзіне таңырқай қараған қарсы жаққа өзге дін өкілдерінің мұсылмандар 

үшін  аманат  екенін,  ал  аманатқа  қиянат  жүрмейтінін  мәлімдеген.  Мысалдар 

тізбегін одан әрі соза түсуге болар еді, алайда, бұл орайда біздің айтпағымыз – 

адами қасиеттерді ардақтап, қастерлеу және адам құқығын аяққа таптатпай, асқақ 

ұстау – ислам дінінің басты ерекшеліктерінің бірі. Сондықтан, ислам дінін кеңдік 

пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің діні деуге толық негіз бар. 

Қадым тарихтан бері және қазіргі таңда қазақ елінде көптеген сенім өкілдерінің 

тату-тәтті ғұмыр кешуі де бұл сөзіміздің бір айғағы іспеттес. Өйткені, дәстүрі мен 

діні үндесіп, ділімен үйлесіп кеткен қазақ халқы бар ғұмырын пайғамбар сүннетіне 

арнаған Қожа Ахмет Ясауидің: 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет