Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет265/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

278 


–  деп,  тереңнен  толғады.  Тіпті,  еліміз  отаршылдықтың  қамытын  киіп, 

миссионерлік саясаттың өршіп тұрған кезінде “Адамды сүй, Алланың хикметін сез” 

деп жырлаған дана Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті

–  деп,  адамзаттың  бәрін  бауырға  басып,  сүюдің,  адамзатты  махаббатпен 

жаратқан  мейірімді  Алладан  бастау  алатынын  меңзеді.  Осы  өлеңінде 

жаратылыстың ұйытқысы – сүйіспеншілікті жырлаған Абай, оның жүзеге асуы үшін 

хақ жолы ретінде әділетті тектен-тек сөз етіп отырған жоқ. Өйткені, сүйіспеншілік 

сезімі мен әділеттілік – Хақтан тараған сыңарлас ұғымдар. 

Дана Абай мектебінен нәр алған Шәкәрім:

Өзімшіл болма, көпті ардақта,

Адамның бәрі - өз халқың

- деп жырласа, Троицкідегі шайх Зейнулла Расулидің тәлімін көрген алашшыл 

ақын Сұлтанмахмұт:

Кәпір бар, мұсылман бар – барлығы адам,

Оларды алалайтын қандай надан?!

Өнер, білім, әділет кім қолдаса,

Қай ұлт болсын – бәрібір бауыр маған,

-  деп, мұсылмандық таным негізінде ой қозғады.

Абыздарымыз бен алыптарымыздың бұлайша жырлауы – сөз жоқ, сүйіспеншілік 

пен  әділеттілікті  ту  етіп,  имандылық  жолын  ұстанған,  ата-баба  салтына  берік 

қазақ халқының бойына кеңдік пен келісім, кешірім мен түсіністік сезімдері қатар 

дарығанын  көрсетсе  керек.  Ен  даланың  төсін  еркін  жайлаған  ұлтымыз  өзгені 

жатсынбас жомарт мінезімен ерекшеленіп, кертартпалық, діни фанатизм сияқты 

әдеттерден бойын жырақ ұстаған. 

Əлемде  түрлі  арандатушылықтардың  белең  алып,  тіпті,  мұсылманның  ең 

қастерлісі  Хазіреті  пайғамбарды  мазақ  қылған  суреттер  әлі  де  жарық  көріп 

жатқаны жасырын емес. Бұл – дін өкілдері арасындағы ортақ үндесуді, терезесі 

тең  отырып  тілдесуді  қаламайтын  теріс  пиғылды  жандардың  әлі  де  көп  екенін 

көрсетсе  керек.  Сондықтан,  дін  өкілдері  арасындағы  мұндай  үнқатысу  әсіресе, 

мұсылмандар  үшін  таптырмайтын  мүмкіншілік  екені  даусыз.  Өйткені  Ибрахим 

пайғамбардан  бастау  алатын  хақ  дін  өкілдері  бас  қосқан  алқалы  жиындарда 

мұсылман ғалымдары исламның ізгілігінен сөз ете отырып, әлемде орын алған 

жөнсіз,  негізсіз  «исламофобия»  төңірегіндегі  жүгенсіз  әрекеттерді  ауыздықтауға 

мұрындық бола алады деп ойлаймыз. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет