Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет328/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

341 


Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсем,

Қозып кетер қайдағым! 

Күллі  түркге  ұран  болған  бұл  киелі  рәміз  туралы  кезінде  академик  Əлкей 

Марғұлан «Қасқыр бейнеленген петроглифтер. Шапырашты тайпасының тотемі» 

деген зерттеуінде былай деп жазады: «Қасқыр бейнелерінің мол таралуы – ежелгі 

тайпалардың қайсарлықты үлгі етіп, қасқырды тотем еткендігінің айғағы. Бөріні 

тотем ету рәсімі қазақта ғұндардың кейбір салтын бүгінгі күнге ұластырған ұлы 

жүздегі шапырашты тайпасының жорасынан байқалады. Этникалық тұрғыдан 

шапырашты  Жетісудағы  ежелгі  ғұндардың  тұқым-тұяғы,  анығырақ  айтқанда, 

бұл сүйек ғұндардың икей (икюй) деген тайпасының жұрнағы. Əйгілі ақындар 

Сүйінбай мен Жамбыл осы рудан шыққан... Қасқырға тәу ету ғұрпы мыңдаған 

жылдар бойы шапырашты ұрпағы арасында жалғасып келгендіктен осы салттың 

кейбір  сілемдері  бүгіндері  де  ел  арасында  бар.  Мысалы,  аяғы  ауыр  аналар 

жерігін басу үшін қасқырдың бауыры мен жүрегін жейтін болған, бесікке тұмар 

етіп бөрінің құлағы мен тырнағын ілу жорасы да бар. Кейбір әулетте найзаға 

байланған бөрі бейнелі жалау сақталған. Жамбылдың айтуынша, Сұраншы мен 

Бұғыбай батырлардың найзасында бөрібасы тағылған»

589

.

Бұл  –  бөрі  туралы  есте  жоқ  ерте  замандардағы  көне  аңыздардың  халық 



жадында жатталып, ақын-жыраулар арқылы бүгінге жеткенін әйгілейді. Мәселен, 

көне үйсін дәуіріндегі ерлік жырға арқау болған әйгілі әңгімеде жаулары үйсіннің 

биі мен әйелін өлтіретіні баяндалады. Аңыз бойынша, әулеттен бір нәресте ұл 

аман  қалыпты.  Осы  кезде  әкесінің  туысы  Бөже  батыр  көмекке  келіп,  шайқас 

үстінде  баланы  қалың  шөптің  арасына  жасырып  кетіпті.  Соғыс  бітіп,  жаудың 

бетін қайырғаннан кейін, ол баланы қасқырдың емізіп тұрғанын және бір құстың 

әуеде айналып ұшып жүргенін байқайды. Осылайша, баланың тегін емес екенін 

түсініп, оны ғұндардың көсеміне апарып береді. Қаған баланың атын Күнби деп 

қойып, тәрбиелейді. Бала ержетіп, «көк бөрі» атын алғанда, қаған оны қолбасы 

етіп тағайындайды. Ол жауларын жеңіп, туған жерін қайтарып, үйсін елін билеген 

көрінеді

590


.

Ендеше, күн астында күркірей жортқан түрктердің, ғұндар мен үйсіндердің 

қасиетті  ұранын  уақыт  пен  кеңістіктің  жойқын  кедергісіне  қарамай,  қайта 

жаңғыртқан,  алаш  рухы  мен  бекзаттық  жадының  шырақшысы  болған  абыз 

Сүйінбай Аронұлының осынау өлеңі түрк рухани әлемі үшін сирек кездесетін 

құдіретті құбылыс болып табылады.

Көптеген түрк халықтарының көне танымы бойынша жыр ақынға Жаратқан 

тарапынан берілетін ғажайып сыйға баланады. Ақын, бақшы, ашуг, жомоқшы-

манасшылар өлеңді Тәңір тарапынан «сәуегей түс көру» арқылы адамға жұғатын 

589


 Маргулан, 1997, 12-13 с.

590


 Бичурин, 1950, С. 41.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет