Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында жалғасқан
күрес қалай өрбіді?
Большевиктер Ресейдегі өкімет тізгінін толық қолына алып, жер-жерде билік
жүргізе бастағанда бастапқы ниетінен тайқып шыға келді. Дәлірек айтқанда,
«сөзінен» деген дұрысырақ болар, өйткені, большевиктердің әу бастан-ақ аз
ұлттардың өз алдына дербес мемлекеттер құруына құлқы болмаған көрінеді.
Өйткені, олар, яғни большевиктер билікке жету үшін Макьявеллидің уағызына
ұйып, барлық амал-шарғыға жүгініп отырған екен. Мәселен, В.Лениннің берген
жазбаша уәдесі бойынша қаруын тастап, бүкіл үкімет және әскерімен бірге жаңа
|