Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет362/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

372 


жасырын  ұйым  құрады.  Зәки  Валидовтың  (Тоған)  естеліктеріне  сүйенсек, 

бұл  ұйымның  құрылуында  Тұрар  Рысқұловтың  ықпалы  болған.  Осы  жылы 

Ташкентте Тұрар Рысқұлов, Садуллах Тұрсынхожаев және Низам Хожаевтың 

ұйытқы болуымен бас қосу өтеді. Нәтижеде, Садуллах Тұрсынхожаев, Абиджан 

Махмуд,  Убайдулла  Хожаев  сияқты  Мұстафа  Шоқайдың  сенімді  серіктері  әрі 

Түркістан  автономиясы  үкіметінің  бұрынғы  мүшелері  тарапынан  астыртын 

ұйым  құрылады.  Османлы  мемлекетіндегі  «Иттихат  ва  таракки»  партиясын 

негізге алып құрылған бұл ұйымның жетекшілерінің бірі, «Иттихат ва таракки» 

партиясының өкілі, кавказдық Емин Ефендизаде еді. 1917 жылы қос төңкерістің 

арасында  «Түркістан  адеми  меркезиет»  партиясының  құрылуына  мұрындық 

болған және Түркістан автономиясы тұсында Мұстафа Шоқаймен тізе қосып, бірге 

жүрген Ефендизаде, большевиктік билік орныққаннан кейін Тұрар Рысқұловтың 

жанына келді. Сондықтан, Кавказдағы және Түркиядағы орталықпен астыртын 

байланысы  болған  «Иттихат  ва  таракки»  партиясының  басты  мақсаты 

Түркістанның  тұтастығы  мен  тәуелсіздігі  жолында  күресу,  жастарда  ұлттық 

сана қалыптастыру, білім беру саласын күшейту және т.б. еді. 1920 жылы әр 

түрлі  себептерге  байланысты  ұйымның  аты  «Мілли  Иттихат»  (Ұлттық  Бірлік) 

деп  өзгертіледі.  Айта  кетерлік  жайт,  Мүнәууар  Қаридің  естеліктерінде  ұйым 

мүшесі ретінде Тұрар Рысқұловтың аты аталмайды, өйткені, аса сақ әрі сауатты 

саясаткер болған Тұрар Рысқұлов ұйымның мәжілістеріне қатыспайтын, бірақ 

ұйым  мүшелері  мен  ұлтшыл  зиялыларды  қорғап,  өз  қамқорлығына  алып 

отыратын  еді.  Ұлт-азаттық  қозғалысының  көрнекті  жетекшілерінің  бірі  Зәки 

Валидов кейінірек: «Тұрар Рысқұловты көре алмайтын едік. Өйткені, оны үкімет 

мұқият қадағалайтын еді. Дегенмен, Дінше сияқты сенімді адамдары арқылы ол 

бізге хабар жіберіп, тапсырма беріп отыратын еді», - деп жазды. 

Тұрар  Рысқұлов  отаршылардың  езгісінен  толық  құтылуды  және 

ұлттық  тәуелсіздік  пен  Түркістанның  тұтастығын  басты  мақсат  етіп  алған 

еді.  Осы  мақсат  жолында,  1920  жылы  17-20  қаңтар  күні  өткен  Түркістан 

Коммунистік  партиясының  V  конференциясы  мен  Мұсбюроның  төтенше 

ІІІ  конференциясында  Тұрар  Рысқұлов  әйгілі  баяндамасын  жасап,  онда 

мұсылман  түрк  халықтарын  соңынан  ілестіре  алатын  партия  құру  қажеттігіне 

тоқталады.  Тұрар  Рысқұлов  осы  конференцияда  ТКП-ның  атауын  “Түрк 

халықтарының  Коммунистік  партиясы»  деп  атауды,  Түркістан  Республикасын 

«Түрк Кеңес Республикасына» айналдыруды және оның құрамына Қазақстан, 

Татарстан,  Башқұртстан,  Əзербайжан  сияқты  түрк  жерлерін  қосуды,  осыған 

орай  жаңа  Конституция  қабылдауды  ұсынады

650

.  Бұл  ұсыныс  арқылы  Тұрар 



Рысқұлов  Түркістанды  Ресейдің  құрамынан  толық  бөліп  алуды  көздеген  еді. 

Қайсар ұлдың қаймықпай жасаған ұсынысы қызу қолдау тауып, конференцияға 

қатысып  отырған,  атағынан  ат  үркетін  орыс  большевиктерінің  өзін  оң  шешім 

650


 Қыдырәлі, 2008, 148 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет