ҰЛЫ ДАЛА тарихы
375
халқы мен келімсектер арасындағы қарым-қатынас мәселесі талқыланады.
Комитеттің мұсылман мүшелері келімсектерден жергілікті халыққа қарсы қарулы
шабуылдарын тоқтатуды талап етеді. Сонымен қатар, комитет отырыстарында
Ресейден жаңа қоныстанушардың келуіне тосқауыл қоюдың шараларын
ойластырады. Міне осы кезде, яғни 1917 жылы жаз айларында Тұрар Рысқұлов
Түркістан Комитетінің құрамындағы жергілікті ұлт өкілдерімен де байланыста
болды. Бұл кезде Түркістан Комитетінде Əлихан Бөкейханов және Мұхаметжан
Тынышпаевпен бірге Мұстафа Шоқайдың белсенді мүше болғаны баршаға
аян. Ал, Комитет мүшесі, кейіннен Түркістан автономиясының алғашқы үкімет
басшысы болған Мұхамметжан Тынышбаев Тұрарды тіпті 1915 жылдан бері
білетін еді. Комитетте Тұрар Рысқұловты Комитеттің Сырдария облысына
жетекші өкіл етіп тағайындау туралы сөз болады. Көп ұзамай Тұрар партия
қатарына өтеді. Осыдан бастап мүдделес кісілердің күрес тәсілін өзгертіп, екі
бағытта жұмыс істеуіне тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |