Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет370/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

378 


бар  болатын.  Уәли  Қаюм  да  осы  топтың  ішінде  еді.  Оқушыларды  Мәскеу 

қаласына  дейін  Мұстафа  Шоқайдың  жақын  серігі  Убайдулла  Хожаев  ертіп 

апарды.  Оқушылар  Алманияға  жеткеннен  кейін,  Мұстафа  Шоқай  оларға 

басшылық жасады. Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтқанда, «Алманияда оқыған 

түркістандық  жастар  шынында  Түркістан  ұлт-азаттық  күресінің  алдыңғы 

сапынан  көріне  білді.  «Яш  Түркістан»  соларға  және  Түркиядағы  жастарға 

арқа сүйеп дүниеге келді. Осы жастардың белсене ат салысуының арқасында 

ол  өз  ісін  жалғастыра  білді».  Оқушылардың  жай-күйімен  танысу  мақсатында 

1922 жылдың соңына таман Бұхара Халық Республикасы үкіметінің төрағасы 

Файзулла  Хожаев  Алманияға  барып,  қайтты.  Ал,  Тұрар  Рысқұлов  Түркістан 

АССР-і Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы ретінде 1923 жылы Алманияға 

барып,  оқушылармен  кездесіп,  жүздесіп  қайтты.  Осы  жолы  оның  Алманияда 

жүрген Мұстафа Шоқаймен кездесіп-кездеспегені жөнінде қолымызда мәлімет 

жоқ. Тумысынан талантты әрі идеялас екі саясаткердің сақтық үшін кездеспеуі, 

бірақ жең ұшынан жалғасып, жасырын хабарласуы да мүмкін. Өйткені, Тұрар 

Рысқұловты қырағы көздер қас қақпай қадағалап отырғаны белгілі. Оның үстіне, 

Тұрар өз мақаласында оқушылардың Еуропадағы түрк тектес эмигранттармен, 

яғни Мұстафа Шоқай сияқты түркістандықтармен кездесетінін, алайда олардың 

оқушыларға  ешқандай  кері  әсері  жоқ  екенін  жазған  болатын.  Сондықтан, 

онсыз  да  орталықтың  «сенімінен  шығып  кеткен»  Т.Рысқұловтың  бұл  сапары 

ақыр аяғында үлкен дауға ұласты. Тұрар Рысқұловтың 1938 жылы “сотында” 

тағылған айыптар негізінен оның 1919 жылдан бері үкіметке қарсы “Иттихат ва 

Таракки”  ұйымына  мүше  болғаны  және  осы  1923  жылдан  бастап  Алманияға 

жұмыс істегені төңірегінде болған еді. 

Алмания  сапарында  эмиграциядағы  шовинистердің  және  сапардан 

кейін  Мәскеулік  шовинистердің  аяусыз  сынына  іліккен  Т.Рысқұлов,  1924 

жылы  Правда  газетіне  «Эмиграция  в  Туркестане»  атты  мақала  жариялады. 

Аталмыш мақаласында ол Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы «Дни» газетінде 

жарияланған  «В  новом  Туркестане»  және  «Наследие  Ленина  в  Туркестане» 

атты мақалаларына жауап жазды. Аталмыш мақаласында деректерге көбірек 

жүгінген Тұрар Рысқұлов, Шоқайға қарсы ғайбат сөз қолданбайды. Сондай-ақ, 

әйгілі Сұлтанғалиевтің сотымен тұстас келген бұл кезеңде Мұстафа Шоқайдың 

да Тұрар Рысқұлов пен түркістандық шәкірттерге қарсы бағытталған сталиндік 

қаһарлы  сынды  ескеруіне  тура  келді.  Сондықтан,  ол  Рысқұлов  туралы  сөз 

болғанда  «Сталиннің  фавориті»,  «большевиктердің  Түркістандағы  сенімді 

өкілі»  сияқты  сөздерді  қолдана  бастады.  Шоқай  мұндай  сөздері  арқылы 

«Рысқұлов  шынында  Сталинге  берілген,  адал  большевик,  менің  онымен 

қатысым жоқ» деген ұғым қалыптастырып, Түркістанның қайраткер ұлын төніп 

келе жатқан қауіп-қатерден қорғаудың бір амалын қарастырғаны еді. Кейінірек, 

түркістандық  шәкірттердің  бір  бөлігі  елге  оралғаннан  кейін  де  Шоқай  оларды 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет