ҰЛЫ ДАЛА тарихы
380
АТАТҮРІК – ТҮРКИЯНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫСЫ
1. Ататүрікке дейінгі Түркия алмағайып кезеңді өткерді
Осман империясы – Азияға, Африкаға және Еуропаға бірдей үкімі жүрген,
мұсылман әлемінің орталығы ретінде өзіне аса үлкен жауапкершілік алған әлем
тарихындағы ірі империялардың бірі еді. Кез келген империяның шарықтау шегі
және құлдырау кезеңі болады. Осман империясы Кануни Сұлтан Сүлейменнің
кезінде биікке көтеріліп, кейіннен тұрақтау және тоқырау кезеңін бастан өткерді.
Ғалымдар мұның көптеген себептерін санамалап айтады.
Еуропада ғылым дамып жатқан кезде Осман империясы шекарасын қорғап,
соғысып жатты. Əскери жорықтарды көп ұйымдастыру Осман империясын үлкен
шығынға әкеліп соқты. Халықтың уақытының көбі әскерде өтуі экономиканың
құлдырауына ұшыратты. Жібек жолының өз маңызын жоғалтуы, Америка
құрлығының ашылуы, Еуропалықтардың Қызыл теңіз, Парсы шығанағы арқылы
Үнді мұхитына шығып, орасан зор байлықтарға қол жеткізуі – империяның
экономикалық жағдайының әлсіреуіне әсер етті. Бірте-бірте оның экономикасы
капитуляциялар арқылы батысқа тәуелді бола бастады. Империяның құлауына
Еуропада бастау алған ұлтшылдық қозғалыстар да негіз болды. Мәселен,
Еуропадағы ушыққан пан-славистік қозғалыстар мемлекетке көп қиындықтар
туғызды. Империя құрамындағы түрлі ұлттар өз тәуелсіздігіне қол жеткізу
үшін қарулы қақтығыстарға барып, бірте-бірте империя бөлшектене бастады.
Сонымен қатар, батыстағы реформалау үрдісінен Түркия тыс қалып қойды.
Мұсылмандық өркениеттің қорғаны саналған Османлы батыс үстемдігін сезіне
бастаған кезде батысқа бейімделу реформаларын жүргізе бастады. Дегенмен,
көп жағдайда тереңге бойламай, олардың сәулеті, ғимараты, мәдениеті
секілді көзге көрінетін материалдық дүниелерге үңілді. Бірақ, ол өзінің жемісін
бере алмады. Сондай-ақ, Осман империясының сыртқы жаулары өте көп
болды. Батыстағы алпауыт елдер күн тәртібіне шығыс мәселесін қойды. Олар
өздері «сырқат адам» деп атаған Османлыны Еуропадан, Балқан түбегінен,
Ыстамбұлдан, тіпті, Анатолиядан ығыстырып шығару, жалпы түрктерді атажұрты
Алтайға қуып тастау, олардың тарих сахнасына қайта шығуына жол бермеу,
қолдарына қару алуына, әлемдік саясатқа ықпал етуіне мүмкіндік бермеу секілді
ортақ келісімге келді. Наполеонның «Əлемдік империя құрсам, астанасын
Ыстамбұл жасайтын едім» деген сөзі бар екен. Расында да, Ыстамбұл бүкіл
батыстық мемлекеттердің көз құрты болды. Өйткені, ол бір жағынан шығыс
пен батысты жалғастырған еуразиялық қала болса, екіншіден, Түркия жері
|