ҰЛЫ ДАЛА тарихы
381
христиандар үшін аса қасиетті, киелі мекен болып саналады. Көктен түскен үш
діннің қасиетті мекендері Түркияда орналасқан. Сондықтан, христиан әлемі
Түркияны алу үшін күш біріктірді. Бірақ, олар бөліс мәселесінде ортақ келісімге
келе алмады. Британия, Франция, Италия және Ресей мұсылман елдерін
жаулап алды. Ал, сахнаға кеш шығып, отарлау ісінен шет қалған Германия
өзінің бәсекелестерін түріктермен ымыраға келу арқылы жеңуге тырысты.
Осы ынтымақтастық арқылы өз империясын қайта қалпына келтіруді көздеген
Осман сұлтаны жиһат жариялады. Дегенмен, оның аса бір ықпалы болған жоқ.
Осылайша халықаралық саясатта «панисламизм» деген ұғым пайда болды.
Ислам әлемінің тұтастығын Еуропалықтар саясатқа айналдырғысы келді.
Негізі исламда «пан» деген нәрсе жоқ, «үмбет» деген ұғым бар. Бір қызығы,
пантүркизм ағымына да осы мәселе түрткі болды. Ал түркшілдік алғаш Ресейде,
татарлар мен әзерилер арасында пайда болған. Оның идеялық атасы ретінде
қырымдық татар Исмаил Гаспыралыны атауға болады. Ал Германия жеңіске
жету үшін Ресейдің, Англияның қол астындағы түріктерді күреске көтеруді
көздеді. Осылайша, мәдени, рухани кеңістікті қамтитын түркшілдік саяси
«пантүркизмге» айналды. Осындай кезеңде жағдайы әлсіреген, жан-жағында
қыспаққа алынған, қол астындағы ұлттардың бәрі өз тәуелсіздігіне ұмтылған,
жалпы жаңа дәуірдегі ғылым мен технологиядан артта қалған Осман империясы
көп жерлерден ығысуға мәжбүр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |