2. Ататүрік жүзеге асырған идеялар негіздері
ІІ Абдулхамит патшаны деспот ретінде қараған оппозиция өкілдерінің көбі
Парижге кеткен еді. Мұнда сол зиялылар мен білім алушы жастар бірігіп,
заманға сай ұлттың қалыптасуы мен ұлтшылдықтың теориясын негіздей
бастады. Мысалы, 1904 жылы тегі татар Юсуф Акчура «Үш түрлі саясат» деген
кітап жазды. Оны батыстың тарихшылары кейін атқарған қызметі мен маңызына
қарай «түркшілдіктің манифесті» деп атады.
Юсуф Акчура: «Бірінші жол
– «османшылдық». Империяның құрамындағы
барлық этностар мен дін өкілдері – бір халық, бір ұлт. Дегенмен, оның құрамында
мұсылмандар да, христиандар да бар. Ұлттық теңсіздікке ұмтылған кезде бәрі
беталдына кетеді, сосын «осман ұлты» деген ұлт қалмайды. Екінші жол – қазіргі
халифтің жүргізіп отырған исламшылдық саясаты. Бірақ, империя құрамындағы
басқа мұсылман елдердің біразы өзге империялардың қол астында. Олардың
арасында Осман империясына қарсы шығып жатқандары да бар. Империя да
тек мұсылмандардан құралмаған. Сондықтан, мұсылманшылдық саясаты да
мемлекетті сақтап қала алмайды. Үшінші жол – түркшілдік. Осман империясының
|