Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет375/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

382 


негізін қалаған түріктер болғандықтан, шаңырақтың иесі солар. Османшылдық 

та, мұсылманшылдық та түптеп келгенде түркшілдікке келіп тіреледі. Өйткені, 

түрк – мұсылман, түрік – османлы. Сондықтан да мемлекетке түркшілдік керек» 

деп жазды. 

Акчураның бұл саясаты кейін Зия Көкалыптың әйгілі «Түркшілдіктің негіздері» 

еңбегінің  жазылуына  түрткі  болды.  Зия  Көкалып  «түркшілдік,  батысшылдық 

және  мұсылманшылықты  біріктіру  қажет.  Осыдан  жаңа  мемлекетшілдікті 

шығаруымыз керек» деп синтез жасады. Ататүрік негізге алған басты идеялар, 

міне, осылар. 

Осындай  пікірлердің  әсерімен,  патша  1908  жылы  тақтан  тайдырылды, 

мемлекет басына «жас түріктер» келді, парламенттік билік күшейді. Əр ұлттар 

парламентке  өзінің  өкілдерін  қою  арқылы  тартысты  күшейте  берді.  Сөйтіп, 

Осман империясының тоқырауы тым ұзаққа созылды. Жалпы, бір мемлекеттің 

бір сәтте құлауы оның қайта орнынан тез тұруына мүмкіндік береді. Өйткені, 

құлаған  империяның  дәстүрі,  жолы  тұрғындардың  санасында  жаңғырып 

тұрғандықтан,  олар  сол  империяны  қайта  жасақтауға  ұмтылады.  Егер 

империяның  құлауы  ғасырларға  ұзап  кетсе,  бұл  қиын.  Осман  империясының 

құлауы  екі  ғасырға  созылды.  Осы  уақыт  аралығында  бірнеше  ұрпақ  ауысты. 

Мемлекет  басына  келген  «жас  түріктер»  бірінші  дүниежүзілік  соғыста  дұрыс 

стратегиялық  жол  таңдамады.  Германия  жеңіліс  тапқаннан  кейін  Еуропа 

елдері жан-жақтан анталап, түрк жеріне ауыз сала бастады. Осы кезде Осман 

империясының құлауы ғана емес, түрк халқының мүлдем жойылып кету қаупі 

төнді.  Абдулхамит  патша  тақтан  тайған  кезде  билік  басына  келген  жастарға: 

«Əлемдік  соғыс  болады.  Сонда  теңізде  үстемдік  құратын  елдермен  одақтас 

болсаңыздар, халықты сақтап қала аласыздар» деген екен. Бірақ, жастар оны 

тыңдамай, соғыста жеңіліп қалды. 

Дегенмен,  кейін  түрктер  бұдан  үлкен  сабақ  алды.  Екінші  дүниежүзілік 

соғыстың алдында Ататүрік: «Жақында әлемдік тағы бір соғыс басталатынын 

сеземін.  Сол  кезде  біз  бейтараптық  саясатты  жүргізуіміз  керек»  деген.  Оның 

осы  өсиетін  орындап,  Түркия  соғысқа  араласпай,  тек  1945  жылы  көктемде 

ғана  Германияға  қарсы  соғыс  ашып,  артынша  Кеңестер  одағынан  қорғану 

үшін НАТО-ға кірді. Ататүріктің өсиетінің арқасында Түркия тұтастығын сақтап 

қалды. Соғыс барысында Германия бұрынғы «пантүрктік» саясатты жаңғыртып, 

түрктерді Англияға, Францияға, Ресейге қарсы қойғысы келді. Бірақ, олардың 

бұл ойы жүзеге аспады. 

Мұсылман  елдерінің  арасында  бодандыққа  түспеген  жалғыз  ел  –  Түркия. 

Ұлылар  еңбегі  заманының  қиындығымен,  уақыттың  тығыздығымен  және 

атқарған ісінің ұлан-ғайырлығымен өлшенсе, бұл жерде Ататүріктің еңбегі ұшан-

теңіз. Расында, бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, әлемнің картасы өзгеріп 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет