3. Түрікшіл Ататүрік түгел түрктің бірігуін көксейтін...
Ататүрік – түркшіл адам болды. Ол Акчура мен Гөкалыптың түркшілдік
идеясынан нәр ала отырып, оны өзінше дамытты. Мемлекетті Түркия деп
атауының түпкі мақсаты – түрк әлемімен, соның ішінде Түркістанмен бірігу
еді. Ататүріктің түркшіл болғанын, оның алғашқы кезеңдегі қадамдарынан
анық байқаймыз. Мәселен, Түркияның алғашқы ақшасында көк бөрінің
бейнесі суреттелген. Ол түрк тарихына байланысты терең зерттеулердің көп
жүргізуін қадағалап отырды. Жіберген адамдары Бұхара республикасының
құрылуына ықпал етті. Түрк әлеміндегі тұтастыққа қол жеткізу үшін Ататүрік
латын әліппесіне көшті. Дегенмен, Ататүрік сол тұстағы саяси ахуалды,
дәуірдің шындықтарын жақсы оқи білген тұлға болды. Түркістанның сол тұста
тәуелсіздікке жете алмайтынын ол білді. Біріншіден, бұған саяси ахуал мүмкіндік
|