Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет378/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

384 


бермеді. Сол тұстағы әлемдік саясатты жүргізген Еуропадағы үлкен күштер мен 

Түркістанның билігін ұстап тұрған Ресей бұған мүдделі болған жоқ. Екіншіден, 

бұған жағрапиялық жағдай да кедергі еді. Сондықтан, Ленин мен Сталиннің түпкі 

саясатын айқын аңғарып, батыстың ойын оқи білген Ататүрік сол замандарға 

сәйкес нақты қадамдарға барды. Ол ұлыс мемлекетін құруды ойлады. Ататүрік: 

«Бізді  біреулер  «панисламист»  дейді,  бірақ  біз  ондай  емеспіз.  Біреулер  бізге 

«пантүркизмді» тануға тырысады. «Пантүркист те» емеспіз. Біз түрік халқына 

негізделген Түркия мемлекетімен ғана шектелеміз. Біз сыртқы саясатта да, ішкі 

саясатта да бейбітшілікті ұстанамыз. Біздің қияли саясатта шаруамыз жоқ», – 

деді.


Ататүріктің  алысты  аңдыған  шебер  саясаты  оның  көршілерімен  тату 

болуына  септігін  тигізді.  Мәселен,  Түркия  жаңа  құрылып  жатқан  тұста  КСРО 

оларға  көмектесті.  Бұхара  Республикасының  басшысы  Осман  Қожаоғлының 

айтуынша тек Бұхараның өзінен 100 миллион алтын рубль жіберілген. Біз сол 

тұста  Түркістаннан,  қазақ  жерінен  де  қаржы  жиналғанын  білеміз.  Ал  Ленин 

осы  қаражаттың  басым  бөлігін  орталықта  алып  қалып,  Түркияға  барлығы 

11  миллион  алтын  рубль  көлемінде  жәрдем  жасаған.  Большевиктердің 

оларға көмек бергендегі мақсаты – Түркияны өзіне қарату болды. Сондықтан 

20-жылдардың  басында  Мәскеуде  шыққан  большевиктік  газеттер  Ататүрікті 

керемет мақтап жазады. Оны пролетариаттан шыққан көсем, халық билігімен 

салтанат  құрған,  патшаны  тақтан  тайдырған,  керітартпа  мұсылманшылықпен 

күресуші, халифатты жоюшы, жұмысшы табының жеңімпазы ретінде мадақтады. 

Ататүрік  мұны  шебер  пайдалана  білді.  Кеңестер  мен  батыстың  арасындағы 

қарама-қайшылықты,  өзіне  төнген  қауіп-қатердің  барлығын  ол  мүмкіншілікке 

айналдырып отырды. 

Ақтар  мен  қызылдардың  күресі  қызған  1918  жылы  Ресейдегі  түрк 

автономияларының  өкілдері  бас  қосып,  тәуелсіз  түрік  мемлекетін  құруды 

ойлайды. Олар Акчураның «Біз «панисламизм», «пантүркизм» деген ұрандарды 

көтерсек, әлемдік қауымдастық бізді ығыстырып тастайды. Сондықтан құрылатын 

мемлекетке «түрк, мұсылман» деген атауды жапсырмайық» деген сөзіне ден 

қояды. Кейіннен тарих Юсуф Акчураның сөзінің дұрыстығын дәлелдейді. 

Акчура Ыстамбұлға Ресейден келген зиялылардың басын жинай отырып, «Біз 

халық көтерілісін бастап жүрген Ататүріктің жолын қолдауымыз керек. Ұлттық 

негізде орын алған түрк әлеміне бір республика керек. Мұны құру Ататүріктің 

қолынан  келеді»  дейді.  Біз  мұны  сол  жиынға  қатысқан  Мұстафа  Шоқайдың 

мақалаларынан  білеміз.  Шоқай  «Түркия  Республикасы  неғұрлым  үлкен 

жетістікке жетсе, бізге үлгі болар еді» деп, Ататүріктің жүргізген реформаларын 

қолдап, үлкен құрметпен қараған. 

Ататүрік  эмиграцияға  барған  зиялы  қауым  өкілдерінің  барлығын  жұмысқа 

орналастырып,  Түркияның  қалыптасуына  солардың  идеяларын  пайдаланып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет