ҰЛЫ ДАЛА тарихы
387
ЕЛБАСЫ – ТҮГЕЛ ТҮРКТІҢ ТҰТҚАСЫ
Тарихты тұлғалар жасайды деген түсінік бар. Тарих дегеніміз – түптеп
келгенде, туған жерге табанын тіреген, оған қорған болған толағай тұлғалардың
тағдыры. Кейде қоғам дамудың даңғыл жолына түсе алмай, үйреншікті үрдістің
солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалаңында басы айналып,
дүдәмал хәл кешеді. Мұндай дағдарыстан шығар жолды халыққа періште-
пейілді парасатты перзенттері мен тегеурінді тұлғалары ғана сілтей алады...
Ғұндар заманынан жеткен әйгілі аңызда Мөде қағанның ұлтарақтай жерін
дұшпанға бермей, туған топырағын қорғап қалғаны мадақталады. Бұл туралы
Елбасы ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Ұлы Дала ұлағаттары»
атты кітабында: «Қазақтың қасиетті жері – біздің асқақ рухымыз, баға жетпес
байлығымыз, мәңгілік мұрамыз. Бағзы тарихымыздың бастауында тұрған заңғар
қаған Мөденің арам пиғылды аяр жауға тұлпарын, Жаратқан қосқан жұбайын да
ел тыныштығы үшін қиғанымен, кіндік қаны тамған жерін бермей, қаскөй жаумен
қырғын соғысқа түсіп, жеңіске жетуі – қанымыз бен жанымыздағы халықтық
қасиет, өмірлік өсиет» деп жазған еді.
Тұғырлы тұлға ғұмырлы тарихты жасаса, керісінше, тарих та тегеурінді
тұлғаны тудырады. Лидердің ерекше харизмасы туралы «Құтты біліктен»:
«Бөрі бастаса қойлар да ұлиды, қой бастаса бөрілер де құриды» деген аталы
сөз қалған, бұл түрк жұртына кең таралған байырғы тәмсіл. Мұны біз терең
тарихымыздың тағылымынан жақсы білеміз. Əрбір дәуір тудырған дарабоз
тұлға ұлы дала тарихын жаңа белеске көтеріп отырды. Көшпелі қоғам өзінің
көшбасшы жетекшілерінің артынан ерді. Сол себепті түрк тарихын ілгері сүйреп,
дәуір доңғалағын алға жылжытқан қадау-қадау тұлғасыз тұтас тарихты тану
қиын. Абай «Единица болмаса, не істейді өңкей нөл» дегенде осыны меңзесе
керек.
Бүгінде түбі бір, түрі ұқсас, тілі жақын, тілегі ортақ туыстас халықтар Түрк
әлемінің тегеурінді тұлғасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған
игі істерге үлкен үмітпен қарап отыр. Түрк жұртының қара шаңырағындағы оң
өзгерістер түрк елдерінің мәдени-рухани салада өрлеуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл Қазақсандағы қолға алынған бастаманың маңызын арттырып қана қоймай,
оның жауапкершілік жүгі зор екенін көрсетсе керек.
Осы ойды тарқатып айтсақ, Мәңгілік Ел мұратының алғашқы кезеңінде
ғұндардың тәңірқұты Мөде қаған ұлтарақтай жерін жауға бермей, жауынгер
халықтың басын қосып, жоралы жұртқа айналды. Бұл кезеңде ел бірлігі мен
жер тұтастығы басты ұстаным еді.
|