Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет382/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

388 


Еуразияның кең байтақ жазирасын ат тұяғымен дүбірлеткен Түрк қағандығы 

тұсында бабалардың ұлы мұраты қайта дәуірледі. Жерұйық мекен Өтүкенге ел 

қондырған  баһадүр  Білге  қаған  «Тәңір  жарылқап,  кедей  халықты  бай  қылды, 

азды  көп  қылды,  төрт  тарапты  бейбіт  етті».  Бұл  кезеңде  тарпаң  мінген  түрк 

баласы  астана  салып,  байлыққа  кенелді,  қуаты  кемелденіп,  халқының  саны 

артты,  төңірегін  тыныштандырып,  көршілерімен  бейбіт  қатынас  орнатты. 

Осылайша мығым мемлекет, еңселі ел болды.

Мәңгілік  Ел  мұраты  Қарахан  дәуірінде  тағы  бір  түлеп,  артынша  айбарлы 

Алтын  Ордамен  бірге  қайта  жаңғырды.  Əсіресе,  халық  әспеттеп  «әзиз»  деп 

атаған  Əз-Жәнібек  тұсында  «қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған»  заман 

орнады. Тарихы қилы, тағдыры ортақ, тілі өзгеше, діні бір этностардың басын 

біріктірген ұлыс алып держава деңгейіне көтерілді. 

Түгел  түрктің  қарашаңырағы  қазақ  жұрты  тәуелсіздік  алып,  туыстарын 

түгендеген  тұста  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен  бұлтты 

жарған күндей боп Мәңгілік Ел мұраты тарих сахнасына шықты. Тұңғиық тарихты 

терең  білетін  Мемлекет  басшысы  халқының  пассионарлық  қуатын  бағамдап, 

оны «Ұлы даланың мұрагері» деп бағалады. Болашаққа бастар жолда Мәңгілік 

Ел мұратын темірқазық етіп ұстанды.

Бауырлас Түркияда интернет қолданушылар арасында жүргізілген сауалнама 

нәтижесінде  Елбасы  Н.Назарбаевтың  есімі  ең  көп  қолданылған  сөздердің 

тізімінде көш бастады. Бұл бауырлас елдің Қазақстанға және Елбасыға үлкен 

ықыласпен қарап отырғанын айғақтайды.

Соңғы кезде кәсіби зерттеу тобы тарапынан түрк тілдес алты мемлекетке 

әлеуметтік сауалнама зерттеу жүргізілді. Жауабы таңғаларлық, әртүрлі жастағы, 

алуан түрлі көзқарастағы азаматтар бір ауыздан ұлт көшбасшысы, Қазақстан 

республикасының президенті Н.Ə.Назарбаевты әлемге әйгілі қалаулы қайраткер 

ретінде таныпты. Демек, Елбасы өз елінде ғана емес, түгел түрктің жүрек төрінен 

орын алып отыр. Мұның сыры неде? 

Негізгі  себептің  бірі  Елбасы  әу  бастан  тәуелсіз  қазақ  елінің  тағдыр-

талайын  түрк  кеңістігімен  ұдайы  ұштастырып,  Қазақстандық  даму  жолының 

формуласын түзуінде еді. Мұның айқын дәлелі Елбасы бастамасымен құрылып, 

түрк  интеграциясына  қазіргі  таңда  зор  үлес  қосқан  халықаралық  беделді 

институциональдық құрылымдардың жемісті қызмет етуі еді. Олар: Түркі кеңесі, 

ТүрікПа, Халықаралық Түркі академиясы. 

Түрк әлемін алып бәйтерек десек, осы қасиетті дарақтың дара тамырлары 

ғасырлар  мен  дәуірлердің  терең  қойнауынан  нәр  алады.  Əр  замандағы  түрк 

дарабоздары  дүйім  дүниені  жасампаздықпен  жаңғыртып,  бұрқ  еткен  қуатты 

пассионарлық күш-жігерімен, ақыл-ой даналығымен қара бұдын халқының қамын 

жеп, тарих доңғалағын алға жылжытыпты, өркениетке өз өрнегін қалдырыпты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет