Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет44/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   407
мемлекетшілдік 

рухы,  басқару  дәстүрі,  көшбасшы  болуға  деген  пассионарлық  қуаты  секілді 

ұлттық  идеяны  қалыптастыратын  көптеген  қозғаушы  күштердің  жатқандығын 

байқаймыз. 

Ежелгі  ғұндарда,  одан  кейін  көне  түрктерде  мемлекет  және  онымен 

байланысты «

Ел» ұғымы олардың мемлекетшілдік қасиетін басқа халықтардан 

ерекшелейтін және үнемі жетістікке жетелейтін басты факторлардың бірі болды. 

70

 Біз де «Алтын орда» атауы орнына байырғы ресми атау Ұлық ұлыс (Ұлы мемлекет) дегенді қолдандық. 



Жошы, Баты ұлысы, тіпті Өзбек ұлысы деп аталатын империяның ресми атауы Uluγ ulus>Ұлық ұлыс 

болған. Бұл атауды орыс, славян, батыс жылнамаларында «золотая орда, алтын орда» деп ханның 

ордасының алтынмен көмкерілген ордалы киіз үйлеріне қарай шолақ қайырып атап кеткен еді. 



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

50 


Сарлық бейнелі қапсырма. Күміс. «Ноён уул» 6-шы қорған. Моңғолия

Төв аймағы, Батсүмбэр сұмыны

71

 . Фотосурет: Руденко, 1962: Табл. XXXVI 

Эрэгзэн (Эрхлэсэн). Хүннүгийн өв, 2011:216, №313

Көне түрктер өз мемлекеттерін «



Ел» деп атады. Ал бұл сөздің мемлекет 

(саяси-әскери  құрылым),  ел  (өлке,  жер,  жұрт),  халық  (ұлт)

72

  деген  үш  ұғымы 



бар. Сол себепті белгілі бір саяси құрылымды, аймақты, сондай-ақ әлеуметтік 

қоғамды  (халықты)  білдіру  үшін  «



Ел»  сөзі  саналы  түрде  қолданылған.  Бұл 

ұғымның барлық түрк халықтарында мыңдаған жылдар бұрын қандай мағынада 

қолданылса,  қазір  де  сол  мағынада  қолданылуы  оның  ертеден  қалыптасқан 

мемлекетшіл ортасы бар қоғамда пайда болғандығын тайға таңба басқандай 

анық көрсетеді. 

Көне  түрктердегі  «





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет