Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Елдіктің»,  яғни  Мемлекеттің



Pdf көрінісі
бет48/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   407
Елдіктің»,  яғни  Мемлекеттің  (билік)  ерекшеліктері 

төмендегідей сипатқа ие болған: 

Мемлекеттің, «Елдің» тәуелсіздігі ең басты құндылық болып саналған;

–  Мемлекет  қоғам  (халық)  үшін  қызмет  етеді,  оның  әл-ауқат  деңгейін, 

қауіпсіздігін үздіксіз қамтамасыз етеді;

–  Мемлекет  қастерлі  ұғым  ретінде  қабылданып,  оны  басқаратын  билеуші 

әулет  Тәңірдің  өзі  «құт  беріп  дарытқан»  ерекше  жаратылған  әулет  ретінде 

қабылданған;

–  Мемлекеттің  белгіленген  территориясы,  шекарасы  мен  билік  орталығы 

болады, әскери жасақтардың ең негізгі міндеті – оны қорғау болып табылады;

– Мемлекетті басқаратын тұлғаның басты міндеті – мемлекеттің тәуелсіздігін 

қорғау, бейтбітшілік пен береке-бірлікті, халықтың молшылық ішінде өмір сүруін 

қамтамасыз ету, шекараларын қорғау және кеңейту, «Төреге» (заңға) бағыну, 

халықтың құқықтарын қамтамасыз ету, шетелдерге елші жіберу және қабылдау, 

халықаралық дипломатиялық қарым-қатынастарды іске асыру

– Мемлекет белгілі бір заң, яғни «төре» арқылы басқарылады

82

, ал бұл заңды 



орындамау немесе бұзу мемлекетті қылмыс деп танылып, қатаң жазаланған.

Осы орайда, «төре» сөзіне түсініктеме бере кеткіміз келеді. Бұл өзі түбірі сонау 

түрк дәуірінен мағынасы өзгермей келе жатқан қазақтың төл сөзі. Зерттеушілер 

«Түрк» сөзінің түбірі «törü>төрү, төр»-ден шығатыны туралы болжамдар айтқан 

болатын

83

. Біздіңше, бұл – қисынды болжам. Мысалы, «төре» – төрдің иесі – «төр 



ие». Сол секілді ұзатылған қыздың шыққан түп негізі «төркін» сөзінің де қайнар 

көзі  төрден  бастау  алады.  Сондай-ақ  билік  айтуды  білдіретін  «төрелік»  айту, 

заң, яғни мизам ұғымындағы «төре-бітік» сөздерінің барлығының төркінінде осы 

«төр» жатыр. 

«Төрүк» – төрде отырып төрелік айтатын кісі мағынасын берсе, «Түргеш» 

сөзі көне санаға «төрдегі кісі» ұғымын ұялатады. Төр жайында сөз бола қалса, 

көбіміздің  тілімізге  орала  кететін  «түркпен  төрін  бермес»  деген  мәтелдің 

түбірі де бізге төрдің өз иесі, өз киесі барын аңғартады. Мәтелдегі түркпеннің 

түрктен тарағаны белгілі. Бүгінгі моңғолдың тілінде «төр» – «мемлекет» деген 

мағынаны  береді.  Айбарлы  көктүрктердің  мемлекеттігін  қайта  жаңғыртқан 

Шыңғыс ханның ұрпағын да жұрт «төре» деп ұлықтаған. Демек «төре» – («төр 

иесі»)  төрде  отырып  төрелік  айтатын,  мемлекет  пен  мизамның  иесі  деген 

мағынаны білдіреді. Бұл ойымызды Күлтегін бітіктасындағы «Ата-бабам Бұмын 

қаған,  Естемі  қаған  отырды;  олар  билікте  отырып,  Төрүк  бодұн-халқын,  Елін, 

81

 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005, 192 б.; Ölmez, 2013, S. 81, 93.



82

 Арсал, 2002, C. 77-81.

83

 Бартольд, 1980. С. 51. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет