Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет51/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   407
Байланысты:
udt

Kök  Teŋrі  >  көк  Тәңірге  табынғанын,  соған 

иланып, жалбарынғанын аңғарамыз. Бұл жерде «көк» сипаты тек аспан деген 

ұғымды ғана емес, сонымен қатар ұшы-қиыры жоқ шексіздікті де, ғаламды да 

білдіреді. Бабаларымыз шексіз, шетсіз, бар дүниені қамтып тұрған, бәріне куә, 

құдіреті бәріне жететін Ұлы жаратушыға – тек Тәңірге иман келтірген. Байырғы 

түрктердің  түciнiгi  бойынша  Тәңір  жерде  де  емес,  көкте,  ол  көзге  көрінбейді. 

Тәңір – жалғыз жаратушы. Одан басқа жаратушы болмаған. Сондықтан түрктер 

пұтқа, көп құдайларға табынбаған, өткінші жалғаннан тіреу іздемеген. 

Байырғы түрктердің ұғымында Тәңір киесіне қалу, Тәңірдің қаһарына ұшырау, 

Тәңірдің мұратына қарсы келу, Тәңір алдында антты бұзу – адамзатты аздырып, 

ақырзаманға апарып соғатын түсініктер болды. 

Сондықтан  түрктер  Тәңірге  арнап  құрбандық  шалған.  Тәңірге  тағзым  етіп, 

бас  иіп  табынған.  Олардың  ұғымында  Тәңірдің  жары,  баласы,  серігі,  ортағы 

болмаған.  Бұл  арада  бір  айта  кетерлік  жайт,  ориенталист  ғалымдар  «Umay> 

Ұмай» сөзін «тәңір ана» деп мүлдем қате аударып жүр. Біздің ойымызша, Ұмай – 

аналарды қолдайтын киенің, періштенің аты. Қыз ұзатылғанда, неке қиылғанда, 

әйел  босанғанда  Ұмай  анадан  медет  тілеу  осыдан  келіп  туындаған.  Түрктер 

Ұмай  анаға  табынбаған.  Ұмай  анаға  деген  құрмет  ислам  діні  орныққаннан 

кейін де жалғасып, кейіннен оған Май анаға, Бибі-Фатима анаға деген құрмет 

қосылып, бұл үрдіс уақыт өте келе исламдық сипат алған.

Л.П.  Потапов  «Алтайский  шаманизм»  (Алтайлықтардың  шаманизмі)  деген 

зерттеуінде Тәңір, Ұмай, Йер-сұб негізгі ұғымдары түрк халықтарының бәріне де 




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

57 


ортақ болып табылады деп қорытындылайды

88

.



Көне түрктер о дүниеге иланған. Өлген адамды жерлегенде оның жанына 

«тірілгенде қажет болады, о дүниеде қажетіне жарайды, үнемі қолданады» деген 

нәрсенің бәрін бірге қойған. Өйткені олар ұшпаққа, ұшып баратын о жаққа, о 

дүниеге сенген. Көне түрк бітіктас мәтіндерінде «Күлтегін қой жылы тоғызыншы 

айдың он жетісі күні ұшты» дейді. Ұшу, ұшпаққа шығу – жан тапсырып, «жәннатқа» 

бару деген мағына береді. Сондықтан «ұшпақ» деп жұмақты, яғни жәннатты, ал 

«тамұқ» деп түнекті, тозақ-жәһаннамды айтқан. Бабадан жеткен бұл сөздер әлі 

күнге дейін қазақ тілінде өзгеріссіз, сол қалпында сақталып келеді.

Көне  түрктердің  дәстүрлі  Тәңірлік  танымы  бойынша  Тәңірдің  өкілі  әрі 

мемлекеттің иесі («діннің басы») – қаған. Мысалы, Білге қағанның (683-734жж.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет