Көне түрктерде биліктің киелілігі туралы түсінік
Орталық Азияның көшпелі тайпалары тарапынан құрылған көптеген
мемлекеттердегі сияқты Көктүрк қағандығында да биліктің қасиеттілігіне,
киелілігіне деген сенім ерекше орын алған. О.Туран атап өткеніндей, түрк
билігінің шығу тегінің киелілігіне және қағандардың әлем билеушісі екендігіне
сенім олардың шетелдердің билеушілеріне жолдаған хаттарының бас жағында
қолданған формалардан айқын көрініп тұр
98
. Көктүрк билеушісі Ышбара қаған
(581–587жж.) күш-құдіреті үстемдік құрған кезеңде Қытай императорына
жазған хатын «Тәңірі тарапынан жіберілген (немесе Көкте туған) Ұлы Ту-
күе (Көктүрк) империясының білге қағаны Шаболо (Ышбара)» деп бастаған
99
.
Бұл жазылған сөздер Көктүрк жазбаларындағы лауазымдармен бірдей болып
келеді. Тардұ қаған (576-603жж.) Византия императоры Маврикосқа жолдаған
хатында өзін «Əлемдегі жеті ықылымның иесі және жеті нәсілдің қағаны»
ретінде таныстырады
100
.
Көне түрктердің мемлекетшілдік концептісі бойынша Көктүрк қағандығында
да көршілері Тан қытайлықтары мен Сасанидтік Ирандағы сияқты қағанның ие
болған киелі билігі Тәңірі тарапынан қағанға берілген. Қытай императоры билікті
Тиен «Көк» тарапынан берілген деп санайды және өзін оның ұлы ретінде көрсетіп
Тиен-жи «Көктің ұлы» деп атайды. Осыған ұқсас қолданыстарды Сасанидтерден
де көреміз. Сасанид билеушілері де биліктің өздеріне Заратуштра бас құдайы
Ахурамазда тарапынан берілгендігіне сенеді
101
.
97
Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005 ж. «Күлтегін бітіктасының I бетіндегі мәтіннің 1, 11, 25 – жолдары».
98
Turan, 2002, Cilt 2. – S. 845–856
99
Бичурин, 1950, Т. 1. С. 237; Трепавлов, 1993, C. 63
100
Turan, 2002, S. 850
101
Периханян, 1983, С. 129–139
|