Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет61/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

65 


Көне түрктерге соғыстарда жеңістің Тәңірі тарапынан жіберілетіндігі туралы 

ұғым қытай жылнамаларында да көрініс тапқан. Жылнамаларда қағандардың 

жеңістен  кейін  жылқы  немесе  қойды  құрбандыққа  шалу  арқылы  Тәңірге  өз 

ризашылығын, алғысын білдіретіндіктері жазылған

105



Негізі  «Тәңірі  аманатымен»  байланысты  осы  билік  түріне  әлеуметтануда 



«харизматикалық билік» сөзі қолданылады. Көріп отырғанымыздай, көне түрк 

мемлекеттеріндегі билік түрлері де «харизматикалық» ерекшелікке ие. Билікті 

осындай ұғыммен байланыстырғанына, яғни қағанға Тәңірі тарапынан ғажайып 

күш  және  өкілеттіктерді  бергеніне  қарамастан  көне  түрк  қоғамында  билеуші 

ғажайып күш иесі саналмаған.

Түрк қағанының Азияның көне билеушілерінен өзгешелігі олардың «Тәңірі-

Патша»  сипатында  қабылданбауында  жатыр

106


.  Қағанның  басқа  адамзаттан 

ерекшелігі  оның  қасиетті  аманатты  алуында.  Биліктің  Тәңірі  тарапынан 

берілгендігіне  сенген  түрк  қағаны  әрдайым  билікке  жауапты  екендігін  білетін. 

Бұдан басқа, қаған өзін жазылмаған заң ерекшелігіндегі «Түрк төрүсү» алдында 

жауапты сезінетін еді. Қаған үкімдері мен іс-шараларын «төрүге» сай атқаруға 

мәжбүр еді. Мұнан байқағанымыздай қағанның билігі тек қана «қасиеттілікпен, 

киелілікпен»  шектелмейді,  «заңдық  негіздерге»  де  сүйенеді.  Жазбалардағы 

мына жолдар осыған мысал бола алады «[ақаным] қаған ұчдұқда өзүм секиз 



йашда қалдым ол төрүде үзе ечүм қаған олұрты – әкем қаған ұшқанда өзім 

сегіз  жаста  қалдым,  ол  төреліктің  тағында  әкем  қаған  отырған  болатын»  

(BK‚ D. 14). 

Бір  жағынан  көне  түрктердің  түсінігінде  Тәңірі  тек  қана  саяси  билікті 

ұсынушы ғана емес, оны қайтарып алу құдіретіне де ие. Тәңірінің бұл күші түрк 

билеушілеріне саяси қысым құралы саналған. Сол себептен түрк билеушілері 

Тәңірдің  берген  саяси  үстемдігін  –  билікті  қолында  ұстап  тұру  үшін  басқару 

ісінде әрқашан жетістікті болуға мәжбүр еді. Яғни қағандар тек қана билеушіге 

лайық  болған  жағдайда  ғана  өз  орындарында  қала  алатын  еді.  Керісінше 

болған  жағдайда  Тәңірден  берілген  саяси  билік/үстемдік  (құт)  қайтадан 

Тәңірі  тарапынан  кері  алынады.  Мысалы,  Екінші  Шығыс  Түрк  қағандығының 

билеушісі  Қапаған  қағанның  (691–716  жж.)  ұлы  Інел  билеушінің  міндеті  мен 

жауапкершілігін  орындай  алмағандықтан,  билікте  қабілетсіз,  соғыстарда 

сәтсіздікке ұшырағандықтан ағасының балалары Білге мен Күлтегін 716 жылы 

«құт тапламады»,  яғни «құт оған  риза  болмады»  деп тақтан  түсіріп, биліктен 

аластатылғандығы мәлім.

Көне түрк мемлекеттерінде  тәж бір бастан екінші басқа өтсе, діни аманат 

саналатын  «құт,  кие»  (саяси  билік/үстемдік)  басқарушы  әулет  мүшелерінің 

арасынан біреуінен екіншісіне қан арқылы өтетін болған. Алайда, Тәңірі әулет 

105


 Liu Mau-Tsai, 2006, S. 23

106


 Koca, 2002, Cilt 2. – S. 828


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

66 


мүшелері  арасынан  таңдауды  тек  қана  біреуінің  пайдасына  шешетін.  Бұл 

таңдау көбіне әулет мүшелері ішіндегі ең қабілеттісіне нәсіп болатын еді. Тәңірі 

қалауының әулеттің қай өкіліне түскендігі тек қана тақ үшін болған соғыстардың 

нәтижесіне қарай анықталатын. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет