ҰЛЫ ДАЛА тарихы
70
Дін – тұтас жүйе, өмір салты. Дін болуы үшін тумаған, тудырмаған, теңдессіз
тек Тәңірге деген сенім болуы керек. Жаратқанның әміріне, пайғамбарларға,
періштелерге, ақырет күніне, о дүниеге, тағдырға иланып, иман келтіру керек.
Діннің ғибадат ететін арнайы орны болуы шарт. Осы түсінік тұрғысынан
қарайтын болсақ, байырғы түрктер Тәңір тарапынан түсірілген, елші арқылы
жеткен ханифтік дін – Тәңірлік дінге сенген. Ханифтік діннің мағынасы –
Алланың адамзаттың болмысына, табиғатына лайықтап, әуел баста түсірген
діні. Сондықтан ханифтік дін – тек тәңірлік, яғни таухидтік сенімге негізделген
дін. Құранның «Рум» сүресінің 30 аятында бұл туралы былай делінген: «Бәрінен
бет бұрып, жүзіңді ханиф дініне қарат. Алла жаратылыста адам баласын соған
арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Хақ діні – осы. Алайда
адамдардың көпшілігі мұны түсінбейді».
Көне түрк қағаны тасмүсіні. VIII ғ. «Шивээт толгой» ғұрыптық кешен.
Моңғолия Архангай аймағы, Шивээт толгой тауы
|