Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет78/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

81 


ғыруы  маңызды  шығар.  Өйт кені  Өтүкеннен  бастау  ала тын  Мәңгілік  Ел  түгел 

түрктің  бүгінгі  ұрпағын  бекем  бай тағында  байрағы  биік  ел  етіп,  болашаққа 

бастап барады. Түрк тарихын зерделеп жүр ген ғалымдардың басым көп шілігі 

Өтүкен алқабын қазір гі Моңғолияның орталық аймақ тары деп санайды. Дәлі-

рек  айтқанда  Хангай  жота ла рының  теріскейіндегі  орманды  алқапты  киелі 

Өтүкен  аймағы  деп  бағалайды.  Бұл  өңірдің  шығыс  жағында  Кентей  жотасы, 

солтүстігінде  Саян  таулары,  батысында  Алтай  таулары  жатыр.  Түстігінде 

атақты Гоби шөліне қарай кететін алқаптар орналасқан. Осы өңір ді кесіп өтетін 

Орхон өзені алқа бында түрк қағандары тақ қа отырған. Түрк заманынан жеткен 

бәдіздер,  балбал дар  мен  тас  мүсіндер,  ғұрып тық  кешендер  осы  жерде  шо-

ғыр ланған. Ха лық аралық Түркі академиясының Моң ғолиядағы археологиялық 

қазба  жұмыстарының  бір  бағыты  да  аталған  өңірлерді  қамтыған.  Біз  Өтүкен 

алқабының түрк та рихындағы орнын бекемдей түсер, түрк жылнамасына тың 

айғақтар қосар жәдігерлер таптық. 

Моңғолиядағы бірінші ғылыми жоба ретінде Халықаралық Түркі академиясы 

мен Моңғолия Тарих және археология институтымен 2016 жылы 23 мамырда 

қол  қойып  бекітілген  келісімшарт  негізінде  бірлесе  өткізген  «Шивээт-улаан  - 

2016, 2017, 2018» археологиялық экспедицияларын атап өту керек. 

Халықаралық  Түркі  академиясы  Өтүкен  өлкесінде,  Моңғолияның  Булган 

аймағы  жерінде  орналасқан  «Шивээт-улаан»  ғұрыптық  кешенінде  Моңғолия 

Ұлттық  ғылым  академиясы  Тарих  және  археология  институтымен  бірлесіп  3 

жыл


137

 қазба жұмыстарын жүр гізіп, биыл аяқтады.

Шама мен  Ел теріс  Құтлық  қаған  мен  То ны көк  заманында  тұрғызылған 

«Шивээт-улаан» кешенінің орна  ласқан жері, сыртқы сипаты туралы ғалымдар 

бұры ннан  бі летін.  Бірақ  онда  архео ло гия лық  қазба  жұмыстары  жүр гізіл меген 

болатын.  Кешендегі  қазба  жұмыстары  кезінде  көптеген  құнды  артефакті 

табылды.  Көне  түрк  дә уіріне  тән  бұл  ғұрыптық  ке шен нің  ерекшеліктері  өте 

мол.  Онда  Тәңіріге  құрбандық  ша лын ған,  ғибадаттар  жасалған.  Түрктердің 

дүниетанымынан ха бардар ететін мүсіндер, бә діз тастар, қойтастар қойылған. 

Біз көшірмесін жасап, Халықаралық Түркі академиясының музейіне қойған түрк 

за ма нындағы алпысқа жуық тай па ның таңбасы қашалған, бірлік тің белгісіндей 

ескерткіш  тас  та  осы  кешеннен  шықты.  Осы  тұста  таңбаларын  тасқа  қа шап, 

бірліктің  белгісі  ретінде  ұр паққа  қалдырып  отыру  салтын  қазақ  халқының  да 

сақтап кел генін атап өту керек. 

Қазір нақты тұрғызылған уақытын анықтау бағытында жұмыстар атқарылып 

жатыр.  Кешеннің  сырты  қоршалып,  қор ғауға  алынды.  Биікте  орна лас қан 

ғұрыптық  кешеннің  ерте  заманда  өртеніп  кеткені  анық талды.  Ғимараттың 

іргетасы сегіз бұрышты болған. Ол – түрктер дің қастерлі рәмізі, киелі жұл дызы. 

137

  Қараңыз:  Қыдырәлі,  Цэвээндорж,  Энхтөр,  Базылхан,  Бөгенбаев,  Далантай,  Буянхишиг,  Умиров, 



Мөнхбат. 2016, 2017, 2018 жылғы археологиялық зерттеулердің ғылыми есептері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет