Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет8/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   407
Байланысты:
udt

I

 

ТАМЫР




ҰЛЫ ДАЛА тарихы



ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КӨШПЕЛІЛЕРІ

Ұшса  қыранның  қанаты  талатын,  жортса  құланның  тұяғы  тозатын  Ұлы 

даланың табиғаты орасан жомарт, жер бедері, өсімдік пен хайуанат әлемі, өзен-

су, көл-дариясы таңғажайып сырлы, алуан түрлі, шексіз бай. Жерінің асты кенге 

толы ырыс, үсті жасыл кілем, пүліш сынды құлпырған жазиралы Ұлы даланы 

баһадүр бабаларымыз үзеңгіден табаны таймай, қолынан найзасы аумай, қас 

қақпай сан ғасырлар бойы күзетіп, қызғыштай қорып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат 

етіп тапсырып келген. Баба танымында апайтөс даланың түпсіз тұңғиық зеңгір 

аспанын  ата,  көкорай  шалғынды  шалқар  қойнауын  Жер-ана  деп  кие  тұтқан. 

Демек,  түрк  ұрпағы  баяғының  бай  заманынан  көк  аспан  мен  қара  жердің 

ортасынан туған төл перзент болып саналады да, көз ашып өмірге келісімен 

Ұлы даланың ұланына айналып, Отан-ана үшін жүрегі адал соғатын парызға ие 

болған. 


Сағымды  сайын  даланың  салқар  төсінде  Күннен  жаралған  ұрпақпын  деп 

патшасына сары алтыннан киім кигізіп, жүйрік тұлпар жеккен күймелі арбасымен 

Күн түбіне жеткелі күңірене жүйткіген сайыпқыран ұлыстың дүниені дүбірлеткен 

даңқтысы сақтар болатын. 

Ұлы  даланың  түрк  әлемі  тарихының  келбетін  айқындаған  байырғы 

ошақтары  саналатын  кеңістігіне  қазіргі  Қазақстан,  Оңтүстік  Сібір,  Моңғолия, 

Шығыс  Түркістан,  Орал,  Каспий,  Қара  теңіз,  Кавказ  аумақтары  қамтылады. 

Бұл аймақтарда «скиф», «сақ», «усунь», «кангюй», «юэчжи», «ғұн», «динлин» 

сынды жалпылама аталатын бірқатар мемлекеттер мекендеді. 

Орталық  Азияда  б.з.д.  VII-VI  ғасырларда  мекендеген  тайпаларды  ежелгі 

қытай жазбаларында «се», «сай», «жун», «ди» деп атаса, кейінірек «ху» деп 

жалпылай атаған еді. Сонымен қатар Орталық Моңғолияда «ғұн», Хянған, Ішкі 

Моңғолия,  Манжұрияда  «дұнхұ»,  Тянь-Шань,  Шығыс  Түркістан  өңірлерінде 

«юэчжи»  деп  жалпылама  аталатын  тайпалық  одақтар,  мемлекеттер  болды. 

Аталмыш мемлекеттер мен тайпалар одағының құрамындағы этностар прото 

түрктердің қалыптасуында маңызды қызмет атқарды. Бұл – этногенезистік, әрі 

лингвистикалық тұрғыдан да түрк халықтары ататегінің тым ежелгі негіздері Ұлы 

даладан бастау алып, қалыптасты деген сөз. 

Сол себептен де түрк әлемінің байырғы тамырларының бірі далалық көшпелі 

скиф-сақтар болып табылады. Еуразияның ұлан-байтақ аумағында оның ішінде 

қазіргі  Қазақстан  аймағында  «Азия  скифтері,  сақтары»  деген  жалпы  атаумен 

«сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспалар, аргиппейлер сияқты 

көптеген  көшпелі  және  жартылай  отырықшы  тайпалардың  одағы  өмір  сүрді. 

Қазақстанның  оңтүстік  аумақтарында  тиграхауд  сақтар,  дахтар,  орталық 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет