ҰЛЫ ДАЛА тарихы
84
сақалы бар жа уынгер көсем мен шошақ бөрік киген әйел мүсінін таптық. Жал-
пы кешендерден әйел адам мүсіні аз табылады, сол себептен бұл аса сирек
кездесетін баға лы жәдігер болды», деді. Бір сөзбен айтқанда, Керу лендегі
«Хаяхудаг» кешенінен табылған Түрк аруының мүсіні сенсациялық жаңалық
болды. Сондай-ақ көне түрк ғұрыптық кешендерінде құрбандыққа шалынғанның
арасында жыл қы ның сүйектері молынан кез де седі. Бұл қазақы танымда сақтал-
ған құрбандыққа айтұяқ, боз қас қа шалу дәстүрінің тамы ры ның түрк, ғұн дәуіріне
дейін кете тіндігін айғақтаса керек. Біз бұрын Моңғолиядағы көне түрк мұралары
туралы сөз еткенде Орхон өзені алқа бындағы ескерткіштерге ай рықша назар
аударып кел сек, академияның қазба жұмыс тарынан кейін Керулен алқа бының
да маңызы арта түсті.
Керулен алқабы – қағандар қоныстанған, ұлы хандардың мекені. Шыңғыс
қағанның алғашқы астанасы Аваргын балғас қаласының орны да сол өзеннің
алқабында жатыр. Ертеректе ол жер «Аураг орда» деп те аталған екен. Байқап
қарасақ, «Аруақты орда» деген сөзге ұқсайды. Ұлы дала көшпелілерінің бірінен
бірі қабылдаған талай ұғымдарының бар екенін ескерсек, «Аураг орда» да
сондай атаулардың бірі болуы бек мүмкін. Жазушы Габриэль Гарсиа Маркес
«Адам мен жерді туыстырып тұрған аруақ» деген пайымын бекер айтпаған
болар. Шынында да ол өлкені аруақты емес деп қалай айтасыз?! Себебі мұнда
ғұндар дәуірі мен көктүрктердің де іздері сайрап жатыр.
Бір сөзбен айтқанда, «Ке рулен экспедициясы» киелі өңірге түрен салып,
қағандар ме кені шығыстан батысқа қозғалып, Күн түбіне жортқан баһадүр
бабалардың атқа қонған қастерлі аймақ екені анықталды. Ендеше, киелі
мекендер арқылы тарлан тарихымызды қайта қарайтын уақыт келген тәрізді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы да бізді осыған
|