Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет83/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

85 


 

ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Еуразияның  Ұлы  дала  аумағында  кеңінен  таралған  көне  түрк  дәуірінің 

жүздеген  ғұрыптық  кешендері  мен  жерлеу  орындары,  мыңдаған  бәдіз 

тасмүсіндері мен петроглифтері өткен тарихымызды жазуда таптырмас тарихи-

мәдени мұралар қатарына кіреді. Бұл жәдігерлер қазіргі Қазақстан, Қырғызстан, 

Моңғолия, Ресейдің Хакасия, Тыва, Алтай Республикалары, Қытайдың Шыңжан 

(Шығыс  Түркістан)  өлкесінде  және  ежелгі  түрктер  мекен  еткен  аймақтарда 

көптеп  кездеседі.  Осылардың  арасында  қай  тұлғаға  тиесілі  екендігі  ғылыми 

тұрғыда анықталған ескерткіштер де бар. 

Олар Түрк қағандығының құрылуы мен дамуында айрықша қызмет атқарған 

саяси билік құрған тұлғаларға арналған – Татпар қаған (582 ж.), Нири қаған (599 

ж.), Ел Етміш йабғұ (728 ж.), Күлі-чұр (731 ж.), Күлтегін (732ж), Білге қаған (734 

ж.), Алтын Тамған тархан (735 ж.), Тоңықұқ (732-734 ж.), Ел Етміш Білге қаған 

-  (760  ж.,  762  ж.),  «Бөмбөгөр»  (745-755  жж.)  сынды  ғұрыптық  кешендері  мен 

бітіктастары. 

Еуразиялық  Түрк  империясының  қаған,  тегін,  йабғұ,  шад,  апыт,  бұйрық, 

тархан, чұр, тұдын, тұтық сынды лауазымды тұлғаларына арнайы ірілі-ұсақты 

ғұрыптық кешендер орнату дәстүрі болды. 

Ғұрыптық кешендердің құндылығы – көне түрк қоғамында қағаннан бастап 

қарапайым қара халыққа дейін ата-баба рухына деген тағзымын, батырларына 

деген  сый-құрметтерін,  ұрпақаралық  мәдени-рухани  сабақтастықтарын 

жалғастырып жеткізуінде болып тұр. 

Түрктердің  ғұрыптық  кешендерінен  қазірге  дейін  адамның  сүйегі  немесе 

мәйіттің өртенген орындары табылмаған. Сондықтан да бұл кешендер жерлеу 

орындары  емес,  мемлекеттік  деңгейде  маңызды  ғұрыптық  жоралғылар 

атқаратын,  арнайы  ғибадаттық  рәсімдерді  орындайтын  киелі  кешендер  деп 

қарастырылады. Мұндай киелі кешендердің маңыздылығы – елге рухтық тәрбие 

беріп,  өткен  тарихтан  тағылым  алу,  жастарды  жауынгерлік  рухқа  баулуымен 

еселенеді. Көне түрк ғұрыптық кешендерінің көпшілігі қаған, тегін, ябғу, тархан, 

чұр, тұдын және басқа да, далалық көшпелі билеушілердің құрметіне арналып 

тұрғызылған. Қарапайым адамдарға арналған ғұрыптық қоршаулар да кездеседі. 

Алайда олар қарапайым тастан қоршау етіп жасалуымен ерекшеленеді. 

Жалпы,  марқұмды  Тәңірге  аттандыру  үшін  өзімен  бірге  атын  түгел 

әбзелдерімен  қоса  жерлеу  дәстүрінің  кеңінен  таралғандығы  археологиялық 

қазба жұмыстарының нәтижелерінен анық көрінеді. Көне түрк дәстүрі бойынша 

көз жұмған жақындарын «кіндік қаны тамған жеріне», туған топырағына жерлеген. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет