ҰЛЫ ДАЛА тарихы
257
Біріншіден, Қазақ хандығы Алтын Орда мемлекетінің аумағын қамтыды.
Екіншіден, хандықтың негізін қалаған әулет Жошының кіндігінен тарады, осыған
байланысты хандық «Жошы ұлысы»
477
деп те аталып жүрді. Үшіншіден, Жошы
мен оның айбынды ұрпақтары мәңгілікке тыныстаған Ұлытау мен Сарайшық
Қазақстан территориясында орналасқан. Төртіншіден, Алтын Орда құрамындағы
ру-тайпалар Қазақ хандығының ұйыт қысына айналды. Ұлысқа қараған тай-
палардың, мәселен ноғайлардың лек-легімен Қазақ хандығына келіп қосылуы,
қазақ хандарының да теріскейдегі туыстарымен ірі қақтығыстарға бармай,
оларды қорғауға тырысуы, мәселен башқұрттарды бауырға тартуы да бекер
емес деп ойлаймыз. Бесіншіден, шаңырақ көтерген хандық құдіретті империяның
дәстүрлерін жаңғыртуға ұмтылды. Қазақ елінің толерантты мінезі Алтын Ордадан
қалған қасиеттің бірі болса керек. Міне, осындай себептерге байланысты
Шоқан Уәлиханов кезінде «қазақтар өздерін Ал тын Орданың ұрпақтары ретінде
есептейді» деп жазған.
478
Құрылғанына көп уақыт өтпесе де құдіретті күшке айналып, Сығанақ пен
Сауранды, Отырар мен Сайрамды қайтарып алып, Түркістанды астана еткен
жас мемлекет кейінірек Самарқан мен Бұхараға, тіпті, Қашғар мен Ауған станға
дейінгі аймақтарға жорық жасап, Орталық Азияға билік жүргізуге ұмтылды.
Хандықтың айбынын асырып, абыройын тасытқан қаһарлы хандардың бірінің
Астрахан маңайында мәңгі тыныстауы, енді бірінің Бұхара түбінде опат болуы
да ұлан-ғайыр аймақты құраған ұлы мұраттың айғағы болса керек. Бұл – Қазақ
хандығының Ұлы далада салтанат құрған көшпелі империялардың соңғы жұрнағы
екенін көрсетеді.
Қазақ хандығының Шу мен Сыр бойын тұғыр етуінің тағы бір себебі – Еуразия
кеңістігіндегі сауда жолдарына бақылау орнатып, экономикалық қатынастарға
ықпал етуге ұмтылудан туған еді. Дегенмен, жаңа балама сауда жолдарының
ашылуы Жібек жолын қайта қалпына келтіруге кедергі болды. Сондықтан уақыт
өте келе әлеуеті кеміп, тұйықтала түскен хандық 1569 жылы Османлы бас уәзірі
Соколлу Мехметтің әйгілі Волга-Дон каналы жобасының іске аспай қалуымен
бірге батыстан мүлде қол үзді.
Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жалғаған «Ұлы Жібек
жолы» арқылы түрк даласы әлемдік сауданың күре тамырына, дүниежүзілік
дипло матияның дәнекеріне айналғаны белгілі. Сондықтан көптеген ға лымдар
түрктерді жойқын бас қыншы емес, сауда-саттықтың, мәдени диалогтың жебеушісі
ретінде қарастыруды ұсынуда. Ғұн, Көктүрк, Қарахан және Алтын Орда дәуірінде
бұл жол Еуразия кеңістігіндегі мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-
қатынастардың алтын арқауы болды. Тоғыз жолдың торабы болған қазіргі қазақ
даласы да осы жол арқылы дамыды, күш-қуаты артып, қалалары өркен жайды.
Ал жаңа балама жолдар мен теңіз тасымалы белең алып, «Жібек жолы» өз
477
Рашид-ад-дин, 1952.
478
Уәлиханов, 1961, 107-109 б.
|