Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет264/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

277 


«Сүннет емес – кәпірге берме азар,

Көңілі қатты, ділі азардан Құдай безер»

– деген хикметтерін жаттап өскен халық. Əділеттілігімен әлемге әйгілі болған 

Қарахан мемлекетін айтпаған күннің өзінде, Құран мен хадисті және Қ.А.Ясауидің 

хикметтерін  басшылыққа  алған  Алтын  Орда  мемлекеті  де  имандылық  жолын 

ұстанып,  аймақтық  тұрақтылық  пен  келісімнің  кепілі  болды.  Өзіне  бағынышты 

елдерге  әлімжеттік  жасамай,  әділетті  саясат  ұстанған  бұл  ұлы  держава 

қарамағындағы  ұлттар  мен  ұлыстардың  құқығын  қорғап,  олардың  діндері 

мен  сенімдеріне  қол  сұққан  жоқ.  Бабаларымыздың  бұл  саясаты  Алтын  Орда 

мемлекетінің  іргесі  шайқалып,  кішігірім  хандықтарға  бөлініп  кеткеннен  кейін  де 

жалғасын тапты. 

Қырым  ханы  Мұхамедгирай  ханның  уәзірі  Сафагирай  Аканың  Мәскеу  князі 

Алексей  Михайловичтің  уәзіріне  жазған  хаты  бұл  сөздерімізге  толық  дәлел 

бола  алады.  Бұл  хатта  былай  деп  жазылған  еді:  «Патшаңыз  мұсылмандардың 

мешіттерін һәм медреселерін қиратып, Алла тағаланың сөздері жазылған қасиетті 

Құранды отқа жақтырды. Тұтқындарды азаптап, зорлықпен, күштеп шоқындырды. 

Мұндай жолмен христиандардың саны көбейіп қалмас. Біздің елімізде де христиан 

тұрғындар  көп.  Алайда,  біз  олардың  дініне  араласпаймыз.  Адамдарды  күштеп 

христиан немесе мұсылман дініне енгізу – дұрыс емес».

Сопылар  дүниені  жемтікке,  нәпсіге,  ал  нәпсіні  төбетке  теңеді.  Жыраулық 

поэзияның көрнекті өкілі Дулат жырау: 

«Күнәм – жойқын, тәубем – аз,

Тіршіліктен не таптым?

Дүние – жемтік, мен – төбет,

Соны бақпай, не бақтым?» 

-  дейді  бір  өлеңінде.  Мұндай  теңеу  Қожа  Ахмет  Ясауиде  де  бар.  Ясауи  бір 

хикметінде «Дүние – нәпсі, талиб болып иттей жүрдім, Əміріне құлақ бермей, Хақ 

жолына көзді жұмдым» деп, өз нәпсісін ымырасыз сынға алады.

Бұл дәстүр, Мағжанның сөзімен айтқанда, «түрк жұрты енші алып тарқасқанда, 

қара шаңыраққа ие болып қалған» қазақ халқының өмірлік ұстанымда берік орын 

алды. Айталық, қазақ хандығы кезінде Үмбетей жырау:

Дін пұсырман баласы,

Адамдықтан жерімес 

– деп жырласа, «зар заманда» дүниеге келген Шортанбай:

Атамыз – Адам пайғамбар,

Топырақтан жаралды.

Мұсылман, кәпір – халық боп,

Сол Адамнан тарады 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет