Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет287/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

299 


ЖӘДИТШІЛДІК МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫҢ ӨЗЕГІ

Отандық  тарихта  күні  бүгінге  дейін  жеткілікті  дәрежеде  зерттелмей  келе 

жатқан  жәдитшілдік  қозғалысы  тек  қазақ  халқы  емес,  патшалық  Ресейді 

мекендеген бүкіл мұсылман халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы түрғысынан 

аса  маңызды  құбылыс  болып  табылады.  Ұлттық  ояну  процесінің  қайнар 

бастауы болған бұл қозғалыс ең әуелі, отарлық езгі мен миссионерлік саясатқа 

қарсы халықты қорғау жолында қалыптасқан еді. Өйткені ХІХ ғасырдың екінші 

жартысында  Түркістан  аймағын  түгелдей  бағындырған  Ресей  империясы,  өз 

ықпалын түбегейлі орнықтыру мақсатында отарларын Орыстандыру саясатын 

жүргізе  бастаған  еді.  Шет  аймақтағы  бұратана  халықтарды  шоқындыру 

арқылы  орыстандыру  мәселесінт  Святой  Синод  миссионер  ғалымдар  қолына 

тапсырғаннан  кейін,  Қазан  қаласында  рухани  академия  ашылып,  одағы 

«противомусульманская  кафедраның»  тұңғыш  меңгерушілігіне  Н.Ильминский 

отырысымен-ақ  миссионерлік  саясат  іс  жүзінде  қарқынды  түрде  өріс  ала 

бастады.  1846-1861  жылдары  Қазан  және  Каир  медреселерінде  білім  алған 

Н.Ильминский ислам дінін және түрк халықтарының дінін, тілін, және дәстүрлі 

әдет-ғұрпын толық жойып, оларды орыстандыруды және шоқындыруды көздеген 

болатын. Отаршыл үкімет халықты тарихи жадынан адастырып, діні, ділі, тілінен 

айырса, рухани құлдыққа түсіп, билеуге оңай көндігетінін жақсы біілген. Сөйтіп, 

осы салаға тбар күш-қуатын жұмылдырып, барлық мемлекеттік мекмелерін іске 

қосқан Ресей империясы ислам дінін жою, туыс халықтардың арасына іріткі салу 

және мәңгүрт ұрпақты шоқындыру үшін бар айла-шарғыларын қолданып баққан. 

Н.Ильминский 1876 жылы 3 мамыр күні Патшалық Ресейдің Білім министрлігіне 

жазған хатында.: «Ислам діні тұрғанда орыс жазуының араб әліппесіне қарсы 

күресі  мардымсыз  болады»  –  деп  атап  көрсетсе,  Ақмола  әскери-генерал 

губернаторы  Батыс  Сібір  генерал-губернаторына  1877  жылы  желтоқсанда 

жазған  хатында  :  «Ал,  қырғыздарды  орыстандыру  үшін  олар  үйренген  татар 

(араб) жазуын орыс жазуымен ауыстыру керек. Бұл оңай жұмыс емес. Олардың 

тіліне орыс әріптері енгізілгеннен кейін олардың бәрі скауцатсыз болып қалады... 

сондықтан татар (араб) әліпбиін орыс әліпбіне ауыстыруды біртіндеп, көптеген 

жылдар  бойы  жүргізу  керек.»  –  деп  жазылған.  Алайда,  бірте-бірте  әліппені 

ауытыруға  қол  жеткізгенмен,  Ресейдің  шоқындыру  саясаты  діттеген  межесіне 

түпкілікті жете алмады. Мәселен, басқа түрк халықтарына қарағанда тақуалығы 

төмендеу  қазақтар  арасында  1898  жылы  59  кісі  христиан  дінін  қабылдаған 

болса, 1905 жылдан бастап, миссионерлер «ерекше ықылас танытқан» қазақтар 

арасында дін ауыстырып, шоқынғандар болмаған. Бұл осы кезеңде ағарту ісінде 

және  баспасөз  беттерінде  белсенді  қызмет  көрсеткен  жәдит  қозғалысының 

халықтың ұлттық сансына едәуір ықпал еткенін көрсетсе керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет