Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет358/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

369 


құртылғанын  мәлімдейміз...  Біздер  Персияны  бөлісіп  алу  туралы  шарттың 

жыртылып, құртылғанын мәлімдейміз. ...Сіздерді құл ету қаупі Ресей мен оның 

революцияшыл  Үкіметінен  төніп  отырған  жоқ,  қайта  Еуропа  империализмінің 

жыртқыштарынан, сіздердің елдеріңізді бөлісіп алу үшін қазіргі соғысты жүргізіп 

отырғандардан, сіздердің отаныңызды ұрлап және тонап отыратын өз отарына 

айналдырғандардан төніп отыр»

645



Бұл  мәлімдеме  жөнінде  Мұстафа  Шоқай  «Кеңестік  Қазақстанның  10 



жылдығына орай» атты мақаласында «Большевиктердің 1917 жылғы таратқан 

мәлімдемесін  оқысаңыз,  онда  «Яш  Түркістанға»  тән  көптеген  пікірлерді 

кездестіреміз. Ол мәлімдемеде Түркістан халқының құқы мен мүлкінің қорғалуы 

қамтамасыз етілетіні туралы айтылған еді. Əңгіме онымен ғана шектелмейді. 

Олар  түрлі  Кеңес  конференцияларында  қаулылар  да  қабылдады.  Бұл 

қаулыларда Түркістан халқының, оның ішінде қазақтардың тартқан азап, көрген 

қорлықтары,  бұдан  былай  мұндай  озбырлықтарға  жол  берілмейтіні,  патша 

үкіметі тарапынан жүргізілген саясаттың зардаптары және оны жоюдың қажеттігі 

туралы  айтылады.  Осылардың  бәрі  Түркістан  халықтарының  да  талаптары 

болатын» деп атап көрсеткен еді.

Расында,  бұл  үндеу  Ресей  қол  астында  езілген  жұрттарға  ғана  емес, 

барша шығыс халықтарына ерекше есер еткен еді. Тіпті, татар Сұлтан Ғалиев 

«шығыстың мұсылман халықтары отарлық езгіде жаншылған пролетар халық» 

деп жазса, түркшілдік идеясы жетекшілерінің бірі Зия Гокалп «Ресейдегі түрктер 

не істеу керек?» атты мақаласында «патшалық Ресейдің күйреуімен бірге Тұран 

даласындағы түрктердің толық тәуелсіздік алатын кезі келді» деп қуанышпен 

хабарлады. 

Сонымен  қатар,  Түркістанның  тұтастығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  күрескен 

тұлғалар  ортақ  дұшпанға  қарсы  большевиктік  билікті  қолдану  керек  деп 

ойлайтын  еді.  Мәселен,  түрк  зиялысы  Жалал  Нури  Стамбул  қаласында 

шығатын «Ати» газетінде жарық көрген мақаласында: «Социализм де мұсылман 

әлемінің  дұшпаны  болып  табылатын  Еуропа  басқыншығына,  империализмге 

және  капитализмге  қарсы,  жау.  Яғни,  қарсылас  жауымыз  ортақ.  Сондықтан, 

ортақ  дұшпанға  қарсы  тізе  қосып,  күш  біріктіру  қажет.  Социализм  осылайша 

мұсылман әлеміне өз септігін тигізеді» деп жазды. Ал, татар зиялысы Ханафи 

Мұзаффар  1922  жылы  жарияланған  еңбегінде  дүниежүзілік  империализмге 

қарсы  большевизмді  қолдану  қажеттігіне  баса  назар  аударды.  Ол  «Біз  үшін 

басты мәселе ұлтымыздың өмір сүруі. Сондықтан, Еуропалық империализмге 

қарсы большевиктік билікті барынша қолдануға күш салу қажет. Ал коммунизм 

идеясының ұзаққа бармасы анық»

646



645



 Қыдырәлі, 2012. — 276 б.

646


 Қыдыралиев, 2007, 320 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет