ҰЛЫ ДАЛА тарихы
374
татарларды біріктіретін тәуелсіз Түркістан мемлекетін құру жолында жасалған
әрекет» деп бағалап, бұл әрекеттің шығыс халықтары арасында үлкен серпіліс
туғызатынын қуана хабарлады. Сондай-ақ, 1927 жылы «Иені Түркістан»
журналында жариялаған бір мақаласында «Мұсбюроның 1920 жылы болған ІІІ
конференциясында түрк қауымдарының басын біріктіру әрекеті «пантүркшіл»
деп айыпталды. ...Түрк ұлыстарының өз қалауы бойынша бірігіп, Орталық
Азияда ұлттық түрк республикасын құру әрекетіне қарсы Мәскеу күш қолданып,
Қызыл Армия арқылы тұсау салды» - деп дұрыс атап көрсетті. Бар ғұмырын
Түркістанның тұтастығы жолында сарп қылған Мұстафа Шоқай, сонымен қатар,
«Яш Түркістан» журналында жарияланған «Кеңестік Орта Азия Федерациясынан
Түркістан ұлттық тәуелсіз мемлекетіне» атты мақаласында Тұрар Рысқұлов
және оның серіктері жайында былай деп жазды: «...ұлттық намысы мен
иманын жоғалтпаған түркістандық коммунистер федерация идеясын көтерген
болатын. ...Большевиктер түркістандықтардың ұлыстық өмірден ұлттық
мемлекет құруға қарай жылжуына барынша кедергі жасайды. Біз бұл арада
Тұрар Рысқұлов басшылығында Түркістан коммунистерінің әрекеттерін, яғни
олардың Түркістанда тәуелсіз мемлекет құруға қарай жасаған ұмтылыстарын
оқырмандардың естеріне сала кетуді жөн көріп отырмыз. 1919 жылы партия
конференциясында Түркістан коммунистері Мәскеудің «ұлттық шекараға бөлу»
деген сұмпайы саясатынан бұрын «тәуелсіз Түркістан мемлекетін» құру идеясын
көтерген еді. ...Біз Түркістан ұлттық коммунистерінің бүгінгі большевиктік «Орта
Азия федерациясы» бағдарламасының әрбір түркістандықтың қасиетті ұлттық
міндеті болып табылатын біртұтас тәуелсіз Түркістан мемлекеті мұратына қарай
жақындата түсетініне ешбір шүбә келтірмейміз». Мақалада айқын айтылғандай,
Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұловтың идеясын тәуелсіз Түркістан мемлекетін
құру әрекеті деп бағалады. Осы орайда айта кетуге тиіспіз, Түркістанның қос
бәйтерегі Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұловтың өмірлік мұрат-мақсаты мен
күрес жолы осы «тәуелсіз Түркістан мемлекеті» идеясы төңірегінде тоғысып
жатқан еді. Бір мақсат жолында бірі шетте жүріп алысса, екіншісі күші басым
билікпен іште жүріп жағаласты.
Орайы келгенде айта кетерлік жайт, қолымыздағы деректерге қарағанда,
Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұлов негізінен 1917 жылдан бері таныс болатын-
ды. Өткенге сәл шегініс жасар болсақ, 1917 жылы тамыздың 30-күні Ташкент
қаласында орыс шаруалар кеңесі мен қазақтар кеңесінің бірлескен мәжілісінде
«Қазақ және орыс шаруалары өкілдерінің Түркістан өлкелік атқару комитеті»
құрылады. Барлығы 12 кісіден құралған бұл комитетке қазақтардың атынан
Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов және тағы төрт кісі енеді. Өзі Самарқанда
жүргеніне қарамастан қос төрағаның бірі болып сайланған Мұстафа Шоқай,
Ташкентке келгеннен кейін серіктерімен кеңесіп, өз келісімін береді. Жаңадан
құрылған комитетте жер және жер төңірегіндегі Түркістанның тұрғылықты
|