ҰЛЫ ДАЛА тарихы
67
4) мемлекет мәселелерін (көбіне ішкі-сыртқы саяси істер, халықаралық
байланыстар) талқылау үшін Кеңес мүшелерін жинау.
Құрылтай шешімімен «бас билеуші», яғни қаған сайланған Ашина әулетінің
өкілі Кеңес мүшелері – ябғу, шад, тегіндер, бұйрық – басшылар, өге – мемлекет
кеңесшілері; сол және оң қанат басшылары және басқа да жоғары қызметтегілер –
бектердің еріп жүруімен ақ киізге отырғызылып, киіздің төрт бұрышын ақсүйектер
ұстап, бастарының жоғары төбе тұстарына жоғары көтеріп атойлатып, ұран-
сүрен шақырып, «Қаған» сайлаған. Осылайша «киізге отырғызылған қағанның
жоғары көтерілуі» арқылы Тәңірмен байланыс ырымы жасалатын болған
109
.
Көне түрктердегі мемлекет билігінің Тәңірі тарапынан берілетіндігіне
байланысты сенім тек қана осындай саяси, символикалық, діни рәсімдерде
ғана емес, лауазым жүйесінде де байқалатындығын көруге болады. Мысалы,
Көктүрктерде Teŋіriteg Тeŋiri yaratmïš> Тәңірі текті Тәңірі жаратқан, Teŋіriteg
Тeŋiri yaratmïš Türük Bilge> Тәңірiтек Тәңірi жаратқан Түрiк Бiлге қаған. Бұл
да Білге қағанның (683-734 жж.) ресми қағандық атағы. Ұйғыр қағандығында
Teŋіride bolmis> Тәңіріде болмыш (йағлақар әулеті) (745–795 жж.)‚ Teŋіride qut
bolmuš Едиз әулеті (795–840 жж.) өкілдері тарапынан қолданылған
110
.
Негізінде көне түрктердің құрған саяси биліктерін әлемдік мемлекет
империялық сипатта тануларының негізінде биліктің қасиеттілігі, бұл қасиеттің
Жаратушы – Тәңірі тарапынан берілгендігі ұстанымы жатыр. Жазбалардың
бастапқы үлгісінде билеушінің «Теңрітег Теңр йаратмыш Түрүк Білге қаған
сабым – Тәңірi тек Тәңірi жаратқан Түрiк Бiлге қаған сап-сөзім» сипатталуы
осыны көрсетеді. Кейбір зерттеушілер Батыс Түрк қағандығының
Шығыс Түрк
қағандығынан өзгеше болып, олардың будда сеніміне бағынғандықтарына
байланысты түрлі көзқарастар айтқан еді.
Алайда, Көктүрк қағандығының (568-740 жж.) мемлекеттік идеясында Тәңір
сенімінің әрдайым басым болғандығын айғақтайтын көптеген мәліметтер, тарихи
деректер табылғандықтан аталған көзқарас өз дәлелін таба алмады. Мысалы,
Тон Ябғу-қаған (618-630 жж.) сияқты кейбір Батыс Түрк қағандығы билеушілерінің
«Будда дініне бағынғандықтарын» осы билеушінің 629 жылы қытайлық будда
монахы Сюан-Цзанды өз сарайында қабылдап, құрмет көрсеткендігі дәлел
ретінде көрсетілсе де аталған монахтың жазбаларында қағанның будда дінін
қабылдағандығына байланысты мәліметтер кездеспейді. Басқа халықтардағы
сияқты көне түрктерде де діни тұлғалар мен ғұламаларға құрмет көрсетіледі.
Оларды қошеметпен қарсы алып, қонақжайлылық көрсетіліп отырған. Тон
Ябғу қағанның Сюан-Цзанды қонақ қылуын осы дәстүрмен байланыстырсақ
та болады. Аталған билеушінің өмір сүрген кезеңінде Тәңір сенімінің үстем
109
Togan, 2006, S. 74.
110
Rybatzki, 2000, Vol. 44. – P. 244.
|