ҰЛЫ ДАЛА тарихы
68
болғанын оның аты жазылған монеталардағы көне түрк сеніміне тән бейнелер
дәлелдей түседі.
Егер Көктүрк билеушілерінің қандай да бірі Тәңіршілдіктен басқа дінді
мемлекет идеясы орнына қоятын болса, бұл мәселе қағандықтың әлеуметтік-
мәдени және саяси өміріне де өз әсерін тигізетін еді. Алайда, не жазбаларда,
не сол кезеңнің материалдық мәдениетінен де оның іздерін көп кездестіре
алмаймыз. Жазба дереккөздерінен Көктүрк қағандығында заратуштра,
христиандық, буддизм және т.б. нанымдарға сенетін тайпалардың өмір
сүргенін білеміз. Тіпті бірнеше түрк руларының аталған діндерде болды деген
кейбір мәліметтер ғана бар. Алайда, бұл мәселе жалпылама ғана айтылған.
Аталған діндердің қандай да бірінің мемлекеттік дін дәрежесінде болғандығына
байланысты дәлелді деректер жоқтың қасы.
Сондай-ақ көне түрктердің археологиялық, этнографиялық деректерінен
олардың дәстүрлі дүниетанымына байланысты Тәңірге табыну, жерді қастерлеу,
ата-баба аруақтарына арнап арнайы ғұрыптық кешендерді міндетті түрде
жасайтындығы, жоқтау жосындарды өткізетіндігі сынды бірқатар мағлұматтар
айқындалып отыр.
Сол кезеңдерде түрктерге зороастризм (зәрдұш), мани, несториан, будда,
ислам діни миссионерлер өздерінің діндерін тарату, уағыздау мақсатында
түрктердің ордаларына келіп тұрғандығы туралы жазба деректерде кездеседі.
Түрктер аталмыш діндердің ешқайсысын қабылдамағаны анық, өйткені олар
жайында бірде бір деректер кездеспейді, демек түрктер өздерінің байырғы
дәстүрлі дүниетанымы бойынша әлемді, жерді, табиғатты, адамзатты өз
танымдары бойынша ұғынып түсінді, соның негізінде наным-сенімдік ғұрыптары
мен жосын-жоралғылары қалыптасты, сол бойынша өмір-тіршілік кешті.
|