ҰЛЫ ДАЛА тарихы
73
айырып алу да оңайға түспейді. Сондай-ақ Сібірдегі шамандық сенім де бізге
тән емес. «Шаманизм»
113
– бізге бертін келе ориенталист ғалымдар жапсырған
жасанды ұғым. Байырғы түрк тілінде «шаман» деген сөз тіпті болмаған. Қазақ
«бақсы» деген. Десе де, бертінге дейін жалғасып келген «бақсылық» та түрктер
арасына кейіннен енген.
«Бақсы» – санскрит сөзі. Байырғы түрктер «қам» деп атаған
114
. Бұл жерде
айта кетерлік тағы бір жайт, «бақсы» немесе «qam> қам» - дін басы емес. Бақсы
– бүгінгі жалпақ тілмен айтқанда дәруіш, тәуіп, жындарды қолдана білген емші,
асқан күйші, өнерпаз, шебер ұста, темірші. Бақсылардың негізгі ерекшелігі
– олардың жыны болған. Халық арасында оны кейде «арқасы бар» деп те
айтады. Ол ел аралап жүріп, қобызын күңірентіп күй тартқан, зікір айтып, жынын
шақырып, дем салған, адамдарды емдеген, жауырын қарап, бал ашқан, дүкен
ұстап, темірден түйін түйген. Бірақ ол діннің көсемі болмаған. Көне түрктерде
діни сенімнің басы – қаған еді
115
. «Тәңір жарылқаған» қаған – тәңірдің құты
қонған ерекше кісі екені анық. Жалпы, бағзы бабалардың наным-сенімі мен
дүниетанымын әлі де терең зерттеу қажет деп есептейміз.
113
Қыдырәлі, 2008, 216 б.
114
Уәлиханов, 1961, 473 б.
115
Гумилев, 1994, 73-75 бб.
|