ДАРЫН
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия-интернаты
New
s
№1
Жүздең жүйрік, мыңнан тұлпарлар
Қыркүйек - қазан 2013 жыл
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия-интернаты
Дар
ы
н
N
ew
s
Мазмұны
Хафиз Қайролла 6
Сұхбат. Байдарбесова Қ.М 7
Мұхамеджанова Р.Ж.
Өмірі өнегелі ұстаздар 8
Касимова Ж.Т. Ilmira Ospanova 11
Макишева Гауһар,Бағлан Ерлан, Шайдолда Аймөлдір,
Көбеш Наргиз 12
Қабдығали Дастан, Мейрамов Айдын,
Хафиз Қайролла 13
Нұрбекова Жансая Серімов Ерғанат 14-15
Мемлекеттік тілді дамытуда сенің қандай үлесің
бар? 16-17
Амангельды Мария Елшин Макпал Ахметова Акку
Мухамеджанова АйнурСаятова Мадина
Зайкенов Нурсултан 18-19
Shaidolda Aimoldir Mashrapova Aidana Akhmetova Akku
Amrenova Sabina 20
3
«Руханият», «Словесность», «Дарын»
әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастырылуымен шығатын әдеби журнал
(Журнал 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шығарылады)
Редакция алқасы:
Бас редакторы:
Искакова Динара Сериковна
Мүшелері:
Мухамеджанова Райгүл Жетпісқызы
Айсина Айсұлу Мұхитовна
Байдарбесова Қымбат Маратовна
Теміртасова Назира Дауренбековна
Корректорлар:
Окпина Бақтыгүл Маулитқызы
Касимова Жаннат Төлеубаевна
Редакцияның мекен жайы:
Павлодар қаласы,
Айманов көшесі, 35 үй
тел/факс: 642835
эл. пошта:gimn-int@mail.ru
Алғы сөз 5
Тіл - күретамыр
Риясыз әңгіме
Сыр сұхбат
Бал бұлақ
Поэзия, менімен егіз бе едің?!
Ой түбінде жатқан сөз
Мен және тіл
Проба пера
Golden pen
Сүйінші хабар!!! 21 - 22
Сөз маржаны. Ойлан, тап! 23
Үш тілді қатар меңгерейік!!! 24
4
Ақылдастар алқасы:
Сулейменов Жомарт Нұртайұлы - Ы.Алтынсарин
атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия-интернатының директоры
Жунусбаева Марал Тұрмысқызы - Ы.Алтынсарин
атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ
гимназия-интернаты директорының ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
Касенова Тұрсын Қомшабайқызы -
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы
Абаева Алмагүл Тұрлыханқызы -
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты ұстазы
Дар
ы
н
N
ew
s
Дар
ы
н
N
ew
s
5
Алғы сөз
Мемлекеттік тіл саясатын қолдау,
оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу
дағдыларын дамыту мақсатында алғаш рет
«Руханият», «Словесность», «Дарын»
әдістемелік бірлестіктерінің
ұйымдастыруымен «Дарын News» журналы
жарыққа шықты. Заман талабына сәйкес
білім беру, тәрбиелеу үдерісі жеке тұлғаға
бағытталып, оқушының шығармашылық,
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту
міндеттерімен ұштасып жатқандықтан әрі
тілдің танымдық, әлемдік мәдениетті
меңгеру құралы ретіндегі айырықша
маңыздылығын ескере келе, осындай игі
қадамды бастап отырмыз. Жас ұрпақтың
ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,
әлемдік озық мәдениетпен сусындату
қашанда өзекті мәселе болған. Оның бүгінгі
таңдағы маңызы күн санап арта түсуде.
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім
біл» деген аталы сөздің астарында көп мән
бар. Ана тіліміздің мерейін асқақтатып, сөз
мәйегін түсіне білсек, шет тілдерін де өз
тіліміздей меңгере білсек, ұтылмасымыз
анық.
Қадірменді тіл жанашырлары,
журналымыздың әр нөмірінің сапалы әрі
қызықты шығуы сіздерге байланысты.
Ұрпағымыз ұлағатты болсын десеңіздер, білім
мен тәрбие ісіне байланысты өзекжарды
толғаныстарыңыз бен пікірлеріңізді редакция
қоржынына жолдаңыздар.
«Дарын News» журналының мүшелері
Дар
ы
н
N
ew
s
6
Бабамыздан ізгілік жолдар жеткен,
Қуат сыйлап қаламға қайнар төккен.
Жыр сәулесі шашылып шырайыңа,
Күн сәулесі төгілсін заңғар көктен.
Қадірлі тіл қасиетті ойға алдырсын,
Санасын шәкіртіңнің ойландырсын.
Оқырманың назар сап әр сөзіңе,
Ең сүйікті журналға айналдырсын.
Жиһанға таратқандай жаңа шындық,
Мектебімде білім алу – құндылық.
Жан-жақты жобаланған бұл бастама
Ардақты ана тілге жанашырлық.
Ізденгенге ілімнің пайдасы мол,
Пенделердің табатын айласы мол.
Жалынды жас ұрпағың тәрбие алар,
Дарынды даралардың айнасы бол.
Хафиз Қайролла 10 «а»-сынып оқушысы
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға
алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық
қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Н. Назарбаев.
Дар
ы
н
N
ew
s
7
Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің майталман ұстазы Абаева Алмагүл Тұрлыханқызына
тілшіміз
Байдарбесова Қымбат Маратқызы арнайы жолығып, сұхбат алған болатын. Бүгінгі күннің
жүрекжарды мәселесіне арналған мемлекеттік тіл мәселесі жайлы бірнеше сұрақтар қойып, сыр тарттық.
Тілшіміз дайындаған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.
- Тілдің қоғамдағы алар орны мен маңызы жайлы не айтар едіңіз?
- Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! –
деп, ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай, тіл – қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол – достықтың
кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес,
өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла
қоймаспыз.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да, өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде
ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.
- Мемлекеттік тіл қандай құжаттармен бекітілген?
- Әрбір адамға ана сүтімен ана тілі бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық
мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалыптасып отыратын баға жетпес мұра. “Тіл туралы”
Заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді
меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине, ұлттың ең бірінші, ең
қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің
бірінші
шарты.
Конституциямыздың
жетінші
бабының
бірінші
тармағында:
«Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі», – деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған “Тіл
туралы” Қазақстан Республикасының заңында да оны жүзеге асыруы да тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты.
- Ана тілін сыйламайтын, басқа тілмен шұбарлап, ана тілінің берекесін кетіретін оқушыларға айтар
қандай уәжіңіз бар?
- “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана
тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да, қарсы тұруға
тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз
бен болмысымыз, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі
жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл
күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көзбен көріп, қолмен ұстай отырып, қазақ тілі
мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша
биіксің.Алдымен,
туған
еліңнің
мемлекеттік
тілін
жетік
білуге
міндеттісің.
Қазақ тілі – өте бай тіл, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал,
жұртшылықты
жаппай
отаншылдық
рухта
тәрбиелеудің
құралы,
қуатты
қаруы.
Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра, өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден
безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу – ақ сүт беріп асыраған анаңды
ұмытумен бірдей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына
айтқаны ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілі
– ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттық мәдениеттің
гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана
тілдің дамуы мен оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген
сүйіспеншілік бала кезіңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу туған тіліңді білуден басталады.
Тіл - күретамыр
Өмірі өнегелі ұстаздар
(Ұстаздар мерекесіне орай)
Бүгін бізде қонақта – қазақ тілі мен әдебиетінің ұлағатты
ұстазы Қасенова Тұрсын Қомшабайқызы. Сыр сұхбатымызға
қош келдіңіз. Біздің шынайы,бүкпесіз сырласуымызға дайынсыз
ба?
Әрине, дайынмын.
Еңбек жолыңыз, қазақ тілі туралы көзқарасыңызды білсек.
Туған жер мен тіл - егіз. Тіл десе, ең алдымен менің есіме кіндік қаным тамған, анамның ақ
сүтін емген туған жерім түседі. Анамның анасы, нағашы әжеміздің қолында тәрбиелендік. Әжеміз
бесікке салып, әлди әнімен тәрбиелеп өсірді. Содан да болар әрі нағашы атамыз Мұхамеджан
молла болып, бала оқытқан, 1937 жылы жазықсыз жапа шегіп, «халық жауы» деген атпен
репрессия құрбаны болып, кейін ақталған, сол атамыздың қанына тартып, бәріміз де қазақша
тәрбиеленіп, оқып, білім алдық. Әкеміз Қомшабай қарапайым жұмысшы, шахтер болған, 40
жылдан астам бір жерде еңбек етті, ҰОС және еңбек ардагері. Анам үй шаруасында, екеуі он бала
тәрбиелеп өсірді. Екеуі де әйгілі Қызылтаудың тумалары. Әкеміз еңбек ете жүріп, ата - аналар
жиналысына қатысып, сол кезде көтерілген тіл мәселесіне де жанашырлық таныта білген. Содан
да болар барлығымыз да ана тілімізді қадірлеп, туған жер, Отан десе жанымызды беруге әзір
болып өстік. Оған дәлел: ата - анамның үмітін ақтап, қазақ тілінің маманы болуым, шәкірт
тәрбиелеп, сауапқа кенеліп жүрмін. Биылғы жылы менің ұстаздық еткеніме 33 жыл болды.
Алғашқы еңбек жолымды қазіргі Қараоба ауылында ұстаздықтан бастадым. 1986 жылы
Майқайыңға көшіп бардық, себебі ауылда қазақ тілінен сағат жоқ. Сөйтіп Майқайың орыс орта
мектебінде, кейін қазақ мектебіне ауысып, 1991 жылға дейін мектепте қызмет істеп, қазақ тілі
мәселесі қолға алынып жатқан кезде конкурспен «Майқайыңалтын» комбинатына қазақ тілінен
сабақ беретін мұғалім және аудармашы болып қызметке ауыстым. Ол жылдар ең қиын жылдар
еді. Еңбекақы төленбейді, қысқарту болса, ең алдымен, аудармашыны қысқартады. Сөйтіп жүріп
немісі мен орысы көп елдімекенде қазақ тілін өркендету үшін жан аямай қызмет етуге тура келді.
Басқа ұлт өкілдерімен тіл үшін қызыл қырғын төбелеске дейін баратынбыз. Ең алдымен, «Қазақ
тілі» қоғамы мен «Мұсылман әйелдер лигасының» бастауыш ұйымдарын ашып алдық, сонан
кейін сол ұйымдардың мүшесі ретінде жұмыс атқардық. Балабақшаларда қазақша топ жоқ еді,
соны ашу үшін ұйымдардың атынан хат жазып, мүшелер табан тоздыра жүріп, екі балабақшадан
да топтар ашқыздық, оған бала жинау да оңай болмады, қазақтар үрке қарап, сенбеушілік
танытты, ондайда туыстарымыздың балаларын үгіттеп апардық.
Дар
ы
н
N
ew
s
8
Біздің анықтама:
Туған жылы: 1958 ( ит жылы)
Жұлдызы: балық (3 наурыз)
Фильмі: «Қыз Жібек»
Әншісі: Р.Рымбаева
Әуестігі: кітап А. Құнанбаев, М.Әуезов
М. Шаханов, Т.Айбергенов, М. Мақатаев
Спортшысы: Ж. Үшкемпіров
Сусыны: қымыз
Тағамы: қазақша ет
Риясыз әңгіме
Д
а
р
ы
н
N
ews
9
Қазақ мектептеріндегі балалардың санын көбейту мақсатымен үгіт-насихат жүргізіп, 1991
жылы төрт бірдей бірінші сыныпты ашып жібердік, өзім де ұлымды бірінші сыныпқа бердім.
Комбинатта іс-қағаздарын қазақша-орысша жүргізетін дәрежеге жеттік, көп жылдар бойы «За
цветные металлы» деген атпен шығатын комбинаттың газетін «Алтынды аймақ» деген атпен
шығаруға қол жеткіздік. Ол газетті Екібастұз қаласынан шығарып әкелеміз, өту үшін соңғы
бетіне теледидардың бағдарламасын жазып қоямыз, қызықты материалдарды басамыз. Онан кейін
өзімізде шығару керек болды, ол үшін қазақша шрифтер керек, оны қолмен тереді, типографияда
да, редакцияда да орыстар. Шрифтарды, қазақша басатын «Ятрань» деген машинкаларды
Алматыдан алғызу үшін ҚР халық депутаты, Республика Жоғарғы Кеңесінің ұлт саясаты,
мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, жазушы Ә.К.Кекілбаевқа қазақша
шрифтер, машинкалар, газет шығару, әуелі «Солнышко» атты орысша балабақшаны қазақша
балабақшаға айналдыру, мешіт ашу, тіпті болмаса жаңадан 140 орындық балабақша ашу жөнінде
хат жолдап, сұраныс жасадық, нәтижесі ойдағыдай болып, 100 пайыз болмаса да, 95 пайызға
орындалды деуге болады. Бір қызық жағдай «Солнышко» балабақшасын өртеп жіберіп, есесіне
жаңадан 140 орындық балабақша аштық. Газет шығарғанда Гауһар деген есім үшін
типографияның басшысы Рагозина деген орыс азаматшасы «һ» дыбысының орнына «х» әрпін
жазып, сол үшін де қаншама айғай-шу болды, газетті шығармай қоюға дейін барды, ақыры,
жеңіске жеттік. Сөйтіп газет те шығардық, балабақша да аштық, Ғибадат үйі мешітті де аштық,
мешітке баратын ақсақалдарды намаз оқуға, құран оқуға үйрету үшін сол кезде имам болған
Р.Н.Нұрғаливпен бірігіп қазақша машинкамен дұғаларды басып, таратып беріп отырдық. Мешітті
«Ягодка» деп аталатын арақ-шарап сататын дүкеннің орнына салды. Поселкемізде ұлыстың ұлы
күні Наурыз мерекесін тойлау үшін Комбинат бытового обслуживания - Халыққа қызмет көрсету
комбинатында басшы болып істейтін інім Мейрамның көмегінің арқасында орталыққа он шақты
киіз үй тіккізіп, оған ақын-жазушылардың атын қойып, киіз үйлерді ауылдардан сатып алып,
алыстан келген ағайындардың көмегімен жинастырып, кәсіпорындар мен мекемелерден
қаржыдай көмек сұрап өткіздік. Осындай істерді атқаруда кедергі келтірген қара көз қазағымыз,
кәсіподақ ұйымын басқарып отырған бүгінгі күні ақсақалдар алқасын басқарып жүрген шенеунік
ағамыз екеніне ішіміз ауырып, жүрегіміз сыздап, оны да Ә.Кекілбаевтың арқасында «орнына
қойдық». Мәдениет үйіне «Кенші» мәдениет үйі деген ат қойдық, көше аттарын түгелдей
қазақшалау жөнінде мәселе көтердік, кабинеттердің жазуларын түгелдей қазақшалап, іс-
қағаздарын қалай жазудың үлгісін стендтерге жазып қойдық. Өзім аудармашы ретінде алты рет
қысқартуға ұшырап, оның төртеуінде Ә.Кекілбаевтың арқасында аман қалып, соңғы жолы
архивариус, юрист болып та еңбек етуіме тура келді. Осы іс-шараларды мен жалғыз атқардым
демеймін, қасымда әкем, өзімнің әріптесім, сыныптасым Майқайың қазақ орта мектебінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Смағұлова М.Ш., кітапханашы Ахметова Л.А., химия пәнінен
сабақ берген ұстазым, қазір зейнеткер, қажы, мұсылман әйелдер лигасының төрайымы болған
Жұмаділова К.Ж., анамның ұстазы болған Жанкина Зайда апай, марқұм поселке әкімі болған
Әуезов Н.М.т.б. болды. Ауыртпалықтың маған
түскені қызыл тілмен жазған хаттың жүрекке жетіп,
дәлелді болуы керек әрі басшыларға жалтақтамай,
өзіңе сенімді болуың керек, болашаққа үмітпен
қарап, жүрегің «халқым», «отаным» деп соғып
тұруы керек. «Басы қатты істің аяғы тәтті» дегендей,
комбинат адал еңбегім үшін директордың қорынан
үш бөлмелі пәтер берді, ол пәтерім кейін жанып,
біраз бейнет те көрдім. Сонымен 1999 жылы
мектепке қайтып келіп, 2003 жылға дейін ұстаздық
еттім. Сонан бері Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған қазақ гимназия-интернатында
қызмет етудемін.
Риясыз әңгіме
Жастар туралы, тіл мәселесі, өмір туралы пікіріңіз. Әйел бақыты, ана бақыты,
ұстаз бақыты дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Жастар – біздің болашағымыз. Мен жастарға сенгім келеді. Кешегі жастар емес пе желтоқсанда қасық қандары
қалғанша қарсыласып, шейіт болған, сөйтіп тәуелсіздікке алып келген. Тіл мәселесіне келсек, әлі де әттеген-
айларымыз бар. Жиырма жылда жеткен жетістіктеріміз де баршылық, бірақ тоқмейілсуге болмайды. Басқа
ұлттың өкілдері қазақша сөйлеп жүргенде, қазақтар далада қалып қояма деп қорқамын. Бауыржан Момышұлы
айтқандай келіндеріміз бесікті ұмыта ма деп, әжелеріміз ертегіні ұмыта ма деп, жастарымыз, ана тілін ұмыта ма
деп қорқамын. Көшедегі, аурухана, мекемелердегі орашолақ жазулар мен қателерді көргенде: «Қайран тілім, әлі
де жетім баланың күнін кешіп жүрсің-ау!» деп жүрегім сыздайды. Аудармашылардың сауатсыздығына налимын.
Ал өміріме ризамын. Өмір – күрес. Күресіп жүріп, шынығасың. Ширек ғасыр осы тіл үшін күресіп келемін.
Өмірді сүйемін. Өмір сыйлаған ата-анама ризамын. Бақыт деген - М.Шахановша айтқанда - қанағат ете білу.
Қанағат қарын тойдырады. Барға қанағат етіп өмір сүрудеміз, ең бастысы, денсаулық болса, күш-қуат барда
еңбек етсек, отбасымыз аман болса, ата - ана, туған - туыс, дос - жаран аман болса, сол да бақыт емей немене?
Ұстаз бақыты – дарынды шәкірті, ана бақыты – балаларының ақылдылығы, әйел бақыты – үлгілі отбасы, ошақ
қасының амандығы.
-Біз гимназиядағы Тұрсын Қомшабайқызын білеміз, ал үйдегі бейнеңіз қандай, мысалы асүйге қырыңыз
қалай? Үй тіршілігін өзіңіз дөңгелетесіз бе? Бізге қызығы осы...
- Мен ұстаз болғандықтан тексеретін дәптерлерім бар, қарайтын сабағым бар, оқитын кітабым бар. Сондықтан
асүйде күнде дәмді тағам істеп, отбасымды қуантамын деп айта алмаймын. Сол кезде «кезекші» бірде жан
жолдасым, бірде ұлым болады. Жалпы ұлттық тағамдарды ғана дәмді жасаймын. Ұсақ-түйек тағамдарға
жоқпын. Зейнеткерлікке шыққанда түйе, жылқы ұстап, қымыз, шұбатты өндірсем деймін.
Өтірік айтасыз ба?
Аздап айтамын, бірақ ешкімге зияны тимейтін жағдайда.
Біреуге ренжігенде тез ұмытасыз ба?
Тез ұмытамын, себебі өзімді іштей жоғары санап, солай жеңемін.
Сізді көп ренжітушілер болды ма?
Әрине, жас кезімде қиналатынмын, қазір мән бермеуге тырысамын.
Сырыңызды кімге айтасыз?
Жан жарымы айтамын.
Құпия сақтай аласыз ба?
Қажет болған жағдайда сақтаймын, кейде пендешілікпен жария етемін.
Сіз үшін дарынды шәкірт кім?
Адамгершілігі бар, арамдықты білмейтін, адал жүректі бала.
Ұстаз бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
Еңбекқор, өзіне де өзгеге де талап қоя білетін.
Өз бойыңыздағы жақсы қасиеттерді атап бере аласыз ба?
Еңбексүйгіштік, адалдық, жігер-қайрат.
Өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңіз бар ма?
Күйгелектік, ешкімге сенбеушілік.
Өмірден не түйдіңіз?
Ақырын жүріп, анық басуды.
Сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай?
Адамның жан дүниесі, табиғаты, интелектісі күнделікті толығып отырады. Тіпті мінезі де өзгереді.Сондықтан
өмірге деген көзқарас та өзгеріп отырады.
Қандай ісіңізбен, қандай жаңалығыңызбен оқырмандарыңызды таңғалдыра аласыз?
Отыз жылдан аса еткен еңбегімнің жемісі – «Сөз табиғаты» оқулығымның шығуы. Отбасымда немерелерімнің
тууы. Екінші кітабым жазылып болып, баспаға ұсынылды.
«
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұстаз ретінде өзіңіздің үлгі тұтатын адамдарыңыз,
ұстаздарыңыз туралы не айтасыз?
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Субекова Бақыт пен Чикаева Майраш, химия пәнінің ұстазы
Жұмаділова Кәтіш қажы, ал институтта сабақ берген Қуандық Пазылұлы Мәшһүр Жүсіпке мың алғыс
білдіремін...
Келе жатқан кәсіби мерекелеріңізге орай ұстаздарға айтар тілегіңіз?
Ұстаз жүгі қашанда ауыр. Шәкірт жүрегіне жол таба білетін, өз пәнінің майталманы, өзінің уақытын аямайтын,
өзгенің уақытын аялайтын, өз ісіне берілген, жүрегі нәзік, жаны таза, заман талабына ілесе алатын маман болса
екен деп тілек білдіремін.
Дар
ы
н
N
ew
s
10
Риясыз әңгіме
Өмірі өнегелі ұстаздар
An interview with our English teacher Nurlan Beisenbaev with Ilmira
Ospanova
What is the key to the success of a teacher? And what characteristics
must have a successful teacher?
The most successful teachers share some common characteristics.
Most importantly, a sense of humor will allow you to see the joy in life and
make you a happier person as you progress through this sometimes stressful
career. A positive attitude is a great asset in life. You will be thrown many
curve balls in life and especially in the teaching profession. A positive atti-
tude will help you cope with these in the best way. In order to create a posi-
tive learning environment your students should know what to expect from
you each day. You need to be consistent. This will create a safe learning en-
vironment for the students and they will be more likely to succeed. Many
people confuse fairness and consistency. A consistent teacher is the same
person from day to day. A fair teacher treats students equally in the same
Интервью с учительницей русского языка и литературы
Саденовой Орынтай Батбековной
Жаннат Толеубаевна Касимова
-Какими качествами должен обладать учитель, работающий в
гимнзии для одаренных детей?
-Лучше, чем великие не скажешь. «В человеке все должно быть прекрасно:
и лицо, и одежда. и душа, и мысли »,- сказал А.П.Чехов
«В характере, в манере, в стиле, во всем самое прекрасное - это простота»,
говорил Лонгфелло.
Учитель должен обладать всем тем, в чем нуждается ученик. Ни одна
профессия не ставит таких строгих требований относительно моральной
чистоты и душевного благородства, как профессия педагога.
Мы хвалим ученика, получившего призовые места в олимпиаде, конкурсе, при защите научного
проекта. Но, к великому сожалению, не интересуемся его внутренним миром. Какие общечело-
веческие ценности должны быть у одаренного ученика?
- Порядочность, ответственность, человечность, самоотдача и результативность.
- Что вы пожелаете своим коллегам в канун 50-летнего юбилея, профессионального праздника?
- В канун 50-летия гимназии желаю всем здоровья, благополучия, процветания, талантливых
учеников и учителей, оптимизма во всем и везде.
Дар
ы
н
N
ew
s
11
What hidden talents do you have?
I don’t have any special talents but I play football and table tennis really good
Your wishes for teacher’s day
Teachers Day has always been an important day for those who value their teachers and are thankful
for their invaluable support and assistance, in making their life worthwhile. Teachers have been the light
bearers to the students since ages. They have been managed to mold the life of innumerable people, in a
positive way. Teachers Day pays tribute to the teachers who have been very much responsible in making
a child educated and responsible. They teach us the true meaning of life. They tell us how to lead life in
the right way and make progress. There are various ways through which students can greet their teacher.
Happy Teacher's Day!!!
Сыр сұхбат
Достарыңызбен бөлісу: |