«Дарынды балаларға талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізудің Ережесі Жалпы ереже «Дарынды балаларға талантты ұстаз»



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі24,08 Kb.
#85502
1   2   3
Байланысты:
2-Дарынды-балаларға-талантты-ұстаз-правила-каз

5 жылдан аспауы тиіс.)
Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру үдерісі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарастырады; кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының өзін-өзі анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі іске асыру қабілетін қарастырады.
7. Педагогикалық олимпиаданың әрбір сатысы белгіленген тәсілдерге негізделеді, сондықтан конкурстың педагогикалық тапсырмаларын іріктеу барысында олардың жалпы кәсіби біліктіліктің төрт деңгейлік жүйесіне сәйкес күрделенуін қарастырады:
1 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды аудитория жағдайында оқу материалдарымен, жаттығулармен, мәтіндік тапсырмалармен (жоғары сынып оқушылары) т.б. жұмыс барысында шеше білу;
2 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды педагогикалық қызмет үзінділерін рөлдік ойындар элементтерін пайдалану арқылы т.б. модельдеу барысында аудитория жағдайында және педагогикалық практика барысында (студенттер) шеше білу;
3 деңгей – педагогикалық тапсырмаларды мектеп практикумдарын, педагогикалық практикалар (студенттер, магистранттар) өткізу процессінде шеше білу және жоспарлау;
4 деңгей – білім беру үрдісінде педагогикалық тапсырмаларды шешу және жоспарлау (жас педагогтер, психологтар, тәлімгерлер).



  1. Педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын анықтаудың жалпы өлшемдері

8. Бағалау өлшемдері:
- жүйелілік және дәйектілігі;
- кәсіби қызмет динамикасы; 
- материалдардың жан-жақтылығы мен толықтығы;
- материалдың эстетикалық безендірілуі.
9. Өзін-өзі таныстыру кезінде:
- шығармашылық жұмысты таныстырудағы дайындық дәрежесі;
- өз жұмысының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жан-жақты талдау жасай білуі;
- ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалануы;
- ауызша сөйлеу өнері (айқындылығы, мәнерлілігі, образдылығы, сауаттылығы);
- импровизациялық қабілеті;
- аудиторияға ықпал ету дәрежесі.
10. Жалпы мәдениеті:
- ой-өрісі және ойлау қабілетінің ерекшелігі;
- коммуникативті мәдениеті.
11. Презентация материалдарын, сабақ фрагментін бағалау критерийлері:
- құзыреттілік (әдістемелік сауаттылығы, білімнің тұрақтылығы, АКТ-ны қолдану, психологиялық атмосфера, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруы);
- рефлексивті (қатысушының жұмыс тақырыбы бойынша жеке ұстанымы, педагогикалық құралдарды аргументті таңдау, өзіндік табыстылық қабілетінің деңгейін анықтау).



  1. Олимпиада кезеңдері

12. Педагогикалық олипиада бірнеше кезеңдерден тұрады:
I кезең – аймақтық
II кезең – қорытынды, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.



  1. Педагогикалық олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мен

қазылар алқасы
13. Педагогикалық олимпиаданы дайындау және өткізуді республикалық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті).
14. Ұйымдастыру комитеті мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- түскен конкурстық материалдардың тәртібін үйлестіреді;
- Педагогикалық олимпиаданың қатысушылары ұсынған материалдарға сараптама өлшемдерін әзірлейді;
- Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушыларға тапсырмаларды әзірлейді;
- Педагогикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі нәтижелерін техникалық өңдеуде жүзеге асырып, қорытынды кезеңіне қатысушылардың құрамын анықтайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет