Дарынды балалармен жұмыс


Дарынды оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі31,65 Kb.
#12973
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Турсынбай, Канаева

Дарынды оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру

Шынар Имашева.

Ы.Алтынсарин атындағы N-11 орта мектеп директоры

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”.



Н.Назарбаев

Тегінде адам баласы адам баласына ақыл, білім, ар , мінез деген қасикттерімен озады деген ұлы ақын Абай сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлессін қосады.

Дарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев “Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол – аяғымызды қалай қыспжағын асын мемлекет өзінің талантты ұлдары менқыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті ”, – деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжрибесін зерделеу – дарындылықты дамытуға септігін тигізетін функционалдық мүмкіндіктердің бірі.

Психолгтер дайындаған “ Дарындылық тұжырымдамалары” құжатында “Дарынды бала дегеніміз - айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз” делінген.

Баланың бойында күш-қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.

Дарындылық, данышпандық, қабілеті дегеніміз не ? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед ) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал кейбір адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пайда болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсінуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу - тәрбие жұмысында басты назарда ұстау керек.

Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян. Ал дарынды баланың ой-пікірімізге тиек етіп отырған психологиялық ерекшелігі өте айқын көрінеді , оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы болмайды. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі өмірде жасөспірімдердің ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшрасады. Нәтижесінде қабілеті шәкіртін дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде жетілмей қалуы мүмкін.

Бала бойындағы дарындылық , ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан-жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу анықтау үшін белгілі бір бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.

Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек. Оқыту мазмұнының басты талаптары мыналар:

– оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;

– оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің мазмұны және зерттеушілік сипатты болып келуі;

– әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.

Бұл тәсіл оқытуды негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны шығармашылық тұрғыда меңгеруіне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан одан әрі дамытуға мүмкіндіктер беретінімен маңызды. Дарындылықты дамытуда оушыға талап қоя білу қажет.Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын шындап жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Ерекше қабілетті оқушыларды анықтауды жүзеге асырудың жеке жолдары мынадай:

– жеке тұлғаны (дарынды) жалпы сынып оқушылары арасынан табу, іздеу;

– іс жүргізуде оны сынып оқушыларының білім деңгейінен күрделірек әртүрлі грамматикалық, логикалық тапсырмалар беру арқылы білім деңгейін, қабілетін бақылап сынақтан өткізу;

– осы жұмыстардың нәтижесінен кейін қабілеті оқушымен белгілі бір бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу.

Ол бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Дарында оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты:

– жан-жақты дамыған білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру;

– оқу тәрбие жұмысының негізі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы, гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

Міндеттеріне мыналар кіреді:

– өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интелектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптатыру;

– оқушының деке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану;

– оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу;

– оқушылардың ғылыми жоба жарыстар, пәндік олимпиядаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып дарынды тұлғаны дамыту.

Әрбір талантты бала еңбекке бейім келеді, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. “Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады” демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жанашырлықпен дамытып, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығармашылық ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандыққа айналдыру үшін қажымай-талмай еңбектену қажет. Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсау керек. Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін біз мынадай жұмыс түрлерін қолданып келеміз.



  1. Дарында оқушылардың қыщығушылығын анықтау.

  2. Дарынды оқушылардыңқызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру.

  3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі қабылдауына ықпал ету.

  4. Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу.

  5. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткіштерін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

  6. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға, пәндік олимпиада мен ғылыми конференцияға, интелектуалдық турнир лер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспары түрде жүргізу.

Көп жағдайда алған білімінің дәйекті ойдан кетпестей болып қалыптпсуы оқушылардың материалды саналы игерілуіне байланысты. Сондықтан да мұғалімнің өзі құрған сабақ жүйесінің шығармамен және оқулықпен өзектесіп, үндесіп жатуы, қолданылатын әдіс - тәсілдер оқушының сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын жауапкершілігін арттырып, ой белсенділігін, шығармашылық қабілетін шыңдау қажет.

Дәстүрлі оқыту жүйесінің қазіргі талапқа сай еместік ерекшелігінің бірі: мұғалім сабақты ұйымдастырғанда өз іс-әрекетіне көп назар аударады. Ал оқыту үрдісінің мәні – оқушының танымдық іс-әрекетіне көп назар аударады. Ал оқыту үрдісінің мәні – оқушының танымдық іс-әрекетіне дұрыс ұйымдастыру мен ынталандыру. Мұғалім әрбір сабақта оқушыға берілген тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отырып, белсенді іс-әрекетке келтіріп, таным жолдарымен баланың ойлауын дамытуы қажет. Өте тианақты ұйымдастырылған сабақ – өзіндік құнды оқытушылық дамытушылық және тәрбиелік мәні бар оқу формасының бірі болып табылады. Оның жемісті жүргізілуіне мұғалім барлық жағдайды жасайды, яғни мақсатқа сай мазмұнды таңдайды, оқкды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын пайдаланады және ойлап шығарады.

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі-ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда. Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен әртүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды.

Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін өте отырып оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі тәсілдерін қолдануда.

Дарынды балаларға нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында биологиялық оқытуда қазіргі заманғы білім берудегі технологияларды сабақ типіне байланысты жүйелі түрде қолдану қажет. Қазіргі біздің “ Жаңа технология” деп жүргеніміз бұрыннан келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі деуге болады.

Осы оқыту технологияларын қолдану арқылы, оқушылардың әртүрлі қабілеттерін жетілдіріп, интелектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытып, қарапайым нәрседен ой тұтатып, ойын еркін айта алатын тұрға тәрбиеленеді.

М.Жұмабаев өзінің 1923 жылы жарық көрген “Педагогика” кітабында “Жаңа алынған білім мен ескі алынған білімнің қатынасы болсын. Яғни білім бергенде, жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшсін, жаңа білім ескі біліммен байлап беру керек” деп жазды. Олай болса, мектеп қабырғасында қалыптаса бастаған осы үрдісті одан әрі дамытып, оқушылардың өздігінен ізденуіне басшылық жасап, бағыт беріп отыру керек. Адамға қажетті білім көлемі күрт және тез өсіп отырған қазіргі жағдайда белгілі бір фактілер жиынтығын игеруді басты міндет етіп қалдыра беру мүмкін емес. Адамды өз білімін дербес толтыра білуге, ғылыми ақпараттың үдеген тасқынында бағдар таба білуге баулу қажет.

Дарындылықтың негізгі сипаттамаларының бірі – танымдық қызығудың ерте оянуы деп білсек, болашақта оның дамуының басты жетістігі. Сондықтан өзінің табиғи қабілетінің өзгешелігі жоғары екенін сезінген баламен жұмыс істеу мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді деп білемін. Өйткені, дарынды оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда ұстаз басты рөл атқарады.



Нәтижеге бағыттай оқытуда неге қол жеткізуге болады? Бұл не үшін мен, мұғалім ретінде оқушыны жетістікке жетуге бағыттаймын, қабілетіне сәйкес тапсырмалармен қамтамасыз етемін және қисынды ойлауды қажет ететін таным үрдістерін іске қосатын тапсырмалардың түрін ұсынамын. Бұл тәжрибемнен байқағаным: оқушылардың өз әрекетінде жаңа асуларды алуға талпынысы оянады, ақиқат іздеуге ұмтылысы, өщіне деген сенімі күшейеді. Соның нәтижесінде оқушыда өзін-өзі өзектендіруге деген ішкі қажеттілік, жетістікке жетуде өз бетінше ізденіс пайда болады. Ең бастысы, пәндік олимпиядаға қатысу мен ғылыми жобалар жазу мүмкіндіктеріне ие бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет