"Дарынды оқушыларды айқындау және дамытудағы әдіс-тәсілдер"



Дата18.10.2023
өлшемі18,61 Kb.
#118522
Байланысты:
ДАРЫНГ (Айнур) (1)

Рудный қаласы білім бөлімінің "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ




"Дарынды оқушыларды айқындау және дамытудағы әдіс-тәсілдер"
Әзірлеген: Тустубаева А.А.
бастауыш сынып мұғалімі

2023 оқу жылы



Дарындылық - бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты: Заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын мақсатқа жету үшін еңбектене білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің міндеті: Оқушының жеке ерекшелігімен дарындылық қабілетін зерттеп- зерделеу.Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау. Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселесінде олардың жаратылыстарына баса назар аудару шарт. Дарындылықты дамытудың бір жолы ғылыми жоба қорғау. Ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда зерттеудің ғылыми жаңалығы болуына бағыт жүйелеу, талдау, тұжырымдау, диагностикалық сауалнама, талқылау, зерттеу нәтижелерін қорытындылау, жинақтау әдістері қолданылуын қадағалаймын. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады.
Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Қазіргі таңда екінші сыныпта сабақ беремін. Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Өзімнің тәжірибемде дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу нәтижесінде жетістіктерім жетерлік. Атап айтсам, былтырғы бірінші сыныпта Турлибаев Ануар «Самұрық» математикалық зияткерлік олипиада 1 орын Танибергенов Берик 1 дәрежелі диплом «үздік бастауыш сынып оқушысы» интернет олипиада сайты wwwINTOLIMP.KZ "Зерде" ғылыми конференцияда, Арислан Шолпан және Нағашыбай Айшат " Меллиса-шөптің пайдасы" атты ғылыми жобадан 3 орын алды. Дусабек Інжу , Молагалиева Аяжан математика пәнінен "Кемел" онлайн олимпиадасының 3 кезеңіне де қатысып 1 орындар алып отырды. Офллайн кезеңіне жолдама алды.Зерттеу әдістері бақылау, салыстыру, анықтау, дәлелдеу, пайымдау түрлерін қолдандым.
Ұлы Абайдың жетінші қара сөзінде айтылған ойлар адам табиғатының жаратылысы туралы пікірді қуаттай түседі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік.
Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».
Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау. Дарын иелерін айқындау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, болашағына бағыт беру – тәуелсіз еліміздің көркеюінің кепілі. Өйткені талантты, дарынды оқушылардың мемлекетімізге қосар үлесі де орасан зор болмақ. Дарынды оқушылардың ерекшелігі:
1.Ойлау ерекшелігі:
- шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
- әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қою, «Неге», «не үшін» деген сұрақтарды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
2.Ішкі сезім ерекшелігі:
- сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
- интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар.
3. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында: оқуда есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады. Болашақто осы жүйе бойынша оқушыларыммен жұмыс жасай беремін. Өз ойымды түйіндей келе, «Ізденген жетер мұратқа» демекші, тынымсыз еңбектенсек қана, дарынды оқушы тәрбиелеуге қол жеткіземіз деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет