Марапаттары Мұстафин Ғабиден шығармашылықпен қатар қоғамдық-саяси өмірге де белсене араласты. Ол 5-ші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1954), 6 – 9 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 1978) болды. Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1978). Ол 2 мәрте Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.